Қазатомөнеркәсіп ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай вокалистер байқауын өткізеді
14.12.2011Астана
Бүгін, 14 желтоқсан күні сағат 19-00-де Астана қаласының «Жастар» сарайында Қазақстан Респубикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арнап ұйымдастырылған «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ жүйесіндегі кәсіпорындардың қызметкерлері мен олардың балалары арасындағы вокалистер байқауының қорытындысы бойынша Гала-концерт өтеді.
Бүгін, 14 желтоқсан күні сағат 19-00-де Астана қаласының «Жастар» сарайында Қазақстан Респубикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арнап ұйымдастырылған «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ жүйесіндегі кәсіпорындардың қызметкерлері мен олардың балалары арасындағы вокалистер байқауының қорытындысы бойынша Гала-концерт өтеді.
Байқау өткізу туралы «Марат жұлдыздары» қоғамдық қоры бастама көтеріп шығып, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ оны қолдап қана қоймай, ұйымдастыру жұмыстарын жүргізуге де көмектесті. Қазақстанға еңбегі сіңген әртіс, әнші-сазгер Марат Омаров басқаратын бұл қоғамдық қор көп жылдардан бері дарынды әншілерді тауып, оларға қолдау көрсетіп келеді.
Аталмыш жоба Қазатомөнеркәсіпке қарасты кәсіпорындарда еңбек ететін қызметкерлер мен олардың балаларының шығармашылық әлеуетін ашып көрсетуді, өскелең ұрпақтың жеке шығармашылдығын дамытуды және ұлттық мәдениетті өркендетуді мақсат еткен.
Алғашқы іріктеу турға үстіміздегі жылғы қазан айында старт берілісімен бір айдан астам уақыт барысында Холдингтің барлық кәсіпорындарында жас ерекшеліктеріне қарай екі топқа бөлініп, 10-нан 20 жасқа дейінгілер (компания қызметкерлерінің балалары) және жасы 20-дан асқандар (компания қызметкерлері) категориялары бойынша байқаудың келесі сатысында өнер көрсететіндер қатаң іріктеліп алынды.
Іріктеу турының қорытынды материалы саналатын ән жазылған диск пен келесі турға қатысу туралы сұраным «Талант» халықаралық өнер орталығына жолданды.
7 желтоқсан күні кәсіпорындардың үздік 50 өнерпаздары кезекті іріктеу турында бақ сынау үшін Астанаға шақырылып, сондағы жеңімпаз атанғандар қорытынды Гала-концертке қатысу құқына ие болды.
Ақтық сынға қатысқан әншілер байқаудың ұйымдастыру комитеті тағайындаған лауреаттық атағымен және бағалы сыйлықпен марапатталып, дипломанттарға тиісінше І, ІІ және ІІІ дәрежелі дипломдар табыс етіледі. Сондай-ақ ынтыландыру сыйлықтары ретінде Көрермен көзайымы, Үздік сахналық образ сомдағаны үшін және Өзіндік орындаушылық шеберлігі үшін сыйлықтары да байқау қатысушылары ішінен өз лайықтыларын табатын болады.
Мұндай ауқымдағы вокалистер байқауын «Қазатомөнеркәсіп» компаниясы алғаш рет ұйымдастырып отыр. Ұйымдастырушылар мен Холдинг басшылығы ән байқауы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ жыл сайын өткізіп тұратын тағы бір игі дәстүрге айналады деген сенім білдіреді.
Қоғаммен байланыс бөлімі
