Қазатомөнеркәсіп еуропалық әріптестерімен ынтымақтастықты нығайтуда

28.10.2010

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Франция Республикасына ресми сапары шеңберінде «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясы мен еуропалық серіктестер арасында әріптестік туралы бірқатар құжаттарға қол қойылды:
 
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ мен Францияның атом энергетикасы және балама энергия көздері комиссарияты («CEA») күн энергетикасы (фотовольтаики) саласындағы зерттеулік жобалар бойынша бірлескен жұмыс атқару туралы келісім жасасты.   
 
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ мен Геологиялық және тау-кен зерттеу бюросы («BRGM») арасында бірлескен қазақстан-француздық сирек және сирек-жер металлдар ғылыми зертханасын құру туралы Меморандум жасалды. Қазақстан үшін сирек және сирек-жер кен орындарын игеру және соның негізінде өндіріс құру – елдімізің индустриалды-инновациялық дамуындағы жаңа бағыт. Ол Республикада жоғарытехнологиялық өңдеу саласын құрып, сирек-жер металладары нарығында тиесілі орнын алуға мүмкіндік береді.   
 
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ мен Мониторинг және Стратегиялық Консталтинг Еуропалық компаниясы («CEIS») арасында отандық атом өнеркәсібіне арнап мамандар дайындау және кадрлардың біліктілігін арттыру бойынша Меморандумға қол қойылды. Қазақстандық атомшылар кен өнеркәсібі, ядролық физика, металлургия, уран қоспасының химиясы, отын технологиясы, сондай ақ атом электр стансасының жобалауы және құрылысы іспетті мамандықтар бойынша Францияның жетекші кәсіпорындарында білім алып, тәжірибеден өте алады деп күтілуде. 
 
Сонымен қатар, Қазақстанның ядролық қоғамы мен Францияның Ядролық-энергетикалық қоғамы арасында келісім жасалды. Екі елдің атомшыларын біріктіретін қоғамдық ұйымдар атом энергетикасы және технологияларды дамыту мақсатында ғылыми-техникалық әріптестікті нығайту туралы уағдаласты. 
 
Ядролық-отын саласындағы әріптестік кезеңдері
 
Қазақстан мен Францияның атом энегетикасы саласындағы әріптестігі 1996 жылдан бастау алады, Оңтүстік-Қазақстан облысы аумағында бірлесіп уаран өндіру туралы алғашқы үкіметаралық келісімге қол қойылған болатын. Сол жылы АРЕВА (Франция) және «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясы (Қазақстан) «Қазақстан-француздық «КАТКО» біріккен кәсіпорыны» ЖШС-н құрды.  

Бүгінгі күні толыққанды әріптестік туралы айтуға болады: уран өндірісі (екі ел үлесіне әлемдік уран өндірісінің 30% тиесілі), қайта өңдеу, енді міне ядролық отын өндірісі.
2009 жылдың 6 қазан күні Франция президенті Николя Саркозидің Астанаға ресми сапары барысында атом элеткрстансаларына арналған ядролық отын маркетингімен айналысатын жаңа қазақстан-француздық IFASTAR (Integrated Fuel Asia Star) біріккен кәсіпорынын құру туралы келісімге қол қойлған болатын. БК құрудағы басты міндет, құрылыстың техникалық-экономикалық негіздемесін жасау, оның ішіне жобалау да кіреді, отын құрамаларын шығаратын желілер, сондай-ақ Азияда жұмыс жасайтын электрэнергетикалық компанияларға интерграцияланған отын пакеттерін өткізуге қатысты Азия нарығын бағалау. Бұл жобаның ТЭН әзірлеу жұмыстары соңына жетті, сол себепті 2010 жылдың 27 қазан күні Қазақстандағы Үлбі металлургия зауытының базасында AREVA жобасы бойынша отын құрамаларын шығаратын біріккен кәсіпорын құру туралы шешім қабылданды.


«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ – Қазақстанның уран және оның қосындыларын, сирек металдар, атом электр стансаларына арналған ядролық отын, арнайы құрал-жабдықтар, технологиялар және екіұдай мақсаттағы материалдар экспортымен айналысатын ұлттық оператор. Компания қызметінің басты бағыттары геологиялық барлау, уран өндірісі, ядролық отын циклы өнімдерін өндіру, реактор жасау, АЭС құрылысы, конструкциялық материалдар өндірісі, энергетика, ғылыми зерттеу, әлеуметтік қамту және мамандар дайындау болып табылады. Бүгінгі таңда компанияда 26 мыңнан астам адам еңбек етеді. Қазатомөнеркәсіп әлемнің жетекші уран өндіруші компанияларының көшін бастап келеді.
www.kazatomprom.kz


«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ
Қоғаммен байланыс басқармасы
+7 /727/ 244 62 54
pr@kazatomprom.kz   


 

жаңалықтарға оралу