Қазатомөнеркәсіп француздық атом энергиясы Комиссариатымен бірқатар құжаттарға қол қойды

10.12.2011
 
Астана

2011 жылдың 10 желтоқсаны Астана қаласында «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ мен Францияның атом энергиясы және балама энергия көздері Комиссариатының (СЕА) арасында жаңа технологиялар және Қазақстан Республикасына сирек және сирек-жер металлдарды зерттеп өңдеу саласында біріккен жобаларды іске асыру бойынша әріптестікті нығайтуға қатысты құжаттарға қол қойылды.  
 
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Басқарма төрағасы Владимир Школьник пен СЕА басшысы Бернар Биго төменде көрсетілген құжаттарды бекітті:
 
  1. Атом энергиясы және балама энергия көздері Комиссариаты (СЕА) мен  Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ арасындағы магнит саласындағы әріптестік туралы Меморандум.
Аталмыш меморандум екі тараптың елімізде шығарылатын сирек металлдар негізінде пайдалы әсер коэффициенті жоғары магниттер шығару бойынша әріптестік орнату ниетін танытады.
 
  1. Атом энергиясы және балама энергия көздері Комиссариаты (СЕА) мен  «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ арасында KAZ PV (күн сапалы қазақстандық кремний) жобасындағы Интеллектуалды меншік бойынша келісім.
Бұл Қазатомөнеркәсіп пен СЕА арасындағы бірлескен ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық және технологиялық жұмыстар бойынша ертеректе қол жеткізілген уағдаластықтарға қосымша келісім. Аталған құжат бағдарламаны іске асыру барысында туындайтын жаңа әзірлемелерді пайдалану құқығын реттейді. Тараптар «Ашық есік» ұстранымын пайдаланады. Бұл дегеніміз, Қазатомөнеркәсіп пен СЕА болашақ инновацияларды бірлесе пайдаланып, жоба аясында әр тараптың ақпарат, технологиялар, ноу-хау, құрал жабдықтар мен зертханаларына еркін кіру мүмкіндігін алады. 
 
Қазатомөнеркәсіп пен СЕА арасындағы әріптестік Қазақстандағы жоғары технологияларды жетілдіруге жол ашып, еліміздің ғылыми әлеуетін нығайту арқылы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес заманауи ғылымды дамытуға мүмкіндік береді.
  
Анықтама.
 
Қазақстан мен Францияның атом энергетикасы саласындағы ынтымақтастығы Оңтүстік Қазақстан облысы аумағында бірлесе уран өндіру жөніндегі алғашқы үкіметаралық келісімге қол қойылған 1996 жылы басталды. Сол жылы Францияның АРЕВА тобы және «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясының құрылтайшы болуымен «КАТКО» қазақ-француз бірлескен кәсіпорны» ЖШС құрылды.
 
2009 жылғы 6 қазанда Астанада Франция Президенті Н.Саркозидың Қазақстанға сапары кезінде IFASTAR (Integrated Fuel Asia Star) атом электр стансаларына арналған ядролық отын маркетингы жөніндегі жаңадан қазақстан-француз кәсіпорнын құру туралы Келісімге қол жеткізілді. Бірлескен кәсіпорынның алдына қойылған басты міндет отын құрамалары өндірісінің желісін жобалауды қамтитын құрылыстың техника-экономикалық негіздемесін (ТЭН) әзірлеу, сондай-ақ Азияда жұмыс істеп тұрған энергетикалық компанияларға интеграцияланған отын пакеттерін өткізуге қатысты мақсатты азиялық рынокты бағалау болды. Аталмыш жобаның техника-экономикалық негіздемесін жасау жұмыстары аяқталып, соның негізінде 2010 жылғы 27 қазанда Қазақстандағы Үлбі металлургия зауыты базасында АРЕВА жобасы бойынша отын құрамаларын шығаратын бірлескен кәсіпорын құруға шешім қабылданды.
 
2010 жылдың қазан айында Елбасы Н.Назарбаевтың Францияға ресми сапары аясында «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ мен Францияның Атом энергиясы және балама қуат көздері жөніндегі комиссариат (СЕА) күн энергетикасы (фотовольтаика) саласындағы бірлескен зерттеу жұмыстары туралы Келісімге, сонымен қатар Қазатомөнеркәсіп пен BRGM сирек және сирек-жер металдарының бірлескен ғылыми зертханасын құру туралы Меморандумға қол қойды. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ мен Мониторинг және стратегиялық консалтинг еуропалық компаниясы (CEIS) арасындағы Қазақстанның атом өнеркәсібі үшін жоғарғы білім беруді және мамандардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру туралы Меморандумға қол қойылды. Сондай-ақ Қазақстанның ядролық қоғамы мен Францияның Ядролық-энергетикалық қоғамы аталмыш екі елде атом энергиясы мен технологиясын бейбіт дамыту мақсатындағы ғылыми-техникалық ынтымақтастықты нығайту жөніндегі келісімге қол жеткізді.
 
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2011 жылғы 19 қыркүйектегі Француз Республикасына жасаған жұмыс сапары барысында «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы, BRGM Геологиялық және тау зерттеулері бюросы және «Мониторинг және стратегиялық консалтинг еуропалық компаниясы» (CEIS) арасындағы Стратегиялық серіктестік туралы Келісімге қол қойылды. Аталмыш келісім ұлттық атом компаниясының Қазақстанда ғылыми білім мен өнеркәсіптік дамуды кеңейтуге арналған саясатының шеңберіндегі бастамасы болып табылады.
 
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ
Қоғаммен байланыс бөлімі

 

жаңалықтарға оралу