Қазатомөнеркәсіп Қазақстандағы ұлттық компаниялар арасында бірінші болып сатып алулардың электрондық әдісін қолданды

13.12.2010

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ уран өндіруші холдингі құрамындағы «Сауда-көлік компаниясы» ЖШС 2010 жылғы 3 желтоқсанда «Самұрық-Қазына» ҰАҚ» АҚ холдингіне қарасты ұлттық компаниялардың еншілес кәсіпорындары арасында алғашқы болып уран өндіруші сала кәсіпорындарының қажетін қамтамасыз ететін материалдар мен жабдықтар сатып алу бойынша 163 646252,76 теңгеге электронды сауда өткізді. Саудалар Алматы өңірлік қаржы орталығына (АӨҚО) қарасты ЕСЖ (Еуроазиялық сауда жүйесі) тауар биржасының мамандандырылған электронды секциясында жүзеге асырылды.
 
Сауда-көлік компаниясы үстіміздегі жыл соңына дейін 1 млрд 700 млн теңгеден астам сомаға электронды сатып алулар өткізуді жоспарлап отыр. Сатып алулардың электронды жүйесінің арқасында тендер рәсімдерін өткізу уақыты айтарлықтай қысқарып (нәтижелер жарты сағат ішінде рәсімделеді), әлеуетті жеткізіп берушілер үшін тендерлік рәсімдердің дәстүрлі «қағаздағы» жүйесі жойылды. Саудалар шынайы уақыт режимінде өтетіндіктен, мұнда тапсырыс беруші мен өнім жеткізіп беруші арасында тікелей байланыс болмайды. Электронды саудалар нәтижесінде тапсырыс берушінің қаржысын едәуір үнемдеуге қол жеткізіледі.
 
Қазақстан Республикасының Үкіметі 2010 жылғы сәуір айында электронды саудалар өткізу ережесін бекіткені белгілі. Осылайша, Қазатомөнеркәсіп отандық ұлттық атом компаниялар арасында өз кәсіпорындарының мұқтаждықтары үшін материалдар мен жабдықтарды тауар-шикізат биржасы арқылы сатып алулардың электрондық әдісін қолданған алғашқы компания болды.
 
«Сауда-көлік компаниясы» ЖШС - уран өндіруші кәсіпорындарды материалдық-техникалық тұрғыдан қамтамасыз ететін, сондай-ақ жүк тасымалдау және қайта өңдеу ісімен шұғылданатын қызмет көрсетуші кәсіпорын ретінде жұмыс жүргізеді. СКК 2006 жылғы сәуірде құрылған. Бүгінде кәсіпорынның 1200 адамдық еңбек ұжымы Оңтүстік Қазақстан мен Қызылорда облыстарында еңбек етуде.
www.grk.kz 
 
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ – Қазақстанның уран және оның қосындыларын, сирек металдар, атом электр стансаларына арналған ядролық отын, арнайы құрал-жабдықтар, технологиялар және екіұдай мақсаттағы материалдар экспортымен айналысатын ұлттық оператор. Компания қызметінің басты бағыттары геологиялық барлау, уран өндірісі, ядролық отын циклы өнімдерін өндіру, реактор жасау, АЭС құрылысы, конструкциялық материалдар өндірісі, энергетика, ғылыми зерттеу, әлеуметтік қамту және мамандар дайындау болып табылады. Бүгінгі таңда компанияда 23500-ден астам адам еңбек етеді. Қазатомөнеркәсіп әлемнің жетекші уран өндіруші компанияларының көшін бастап келеді.
www.kazatomprom.kz

жаңалықтарға оралу