Қазатомөнеркәсіп өкілдері Урал электрохимия комбинатында болды
12.11.2010«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Басқарма Төрағасы В.С.Школьник Ресейдегі сапары барысында Урал электрохимия комбинатындағы (УЭХК) өндірістік алаңда болып, «Росатом» Мемлекеттік корпорациясының Ядролық энергетикалық кешен дирекциясы директорының орынбасарымен, «УЭХК» ААҚ Директорлар Кеңесінің Төрағасы В.И. Корогодинмен, «ТВЭЛ» Отын компаниясының және комбинат басшылығымен кездесті. Ашық әңгіме түрінде өткен кездесулерде УБО (Уран байыту орталығы) жобасын жүзеге асыру аясындағы одан арғы іс-қимылдарға қатысты мәселелер талқыланды.
Тараптар 2010 жылғы 26 тамызда қол жеткен «Росатом» Мемкорпорациясы мен «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ арасындағы Ынтымақтастықты тереңдету туралы Келісімнің орындалуында ілгерілеушілік барын және бұл бағытта атқарылған нақты жұмыстарды қанағат сезіммен атап көрсетті.
Танысу мақсатында кешенді аралап шыққан қонақтар «УЭХК» ААҚ-дағы уран бөлісі өндірісін ұйымдастыру ісі мен технологиясының деңгейіне, УБО жобасының Балама нұсқасын жүзеге асыру үшін қажет болатын мұндағы ғылыми-техникалық әлеует пен құзыреттің барлығына жоғары баға берді.
Естеріңізге сала кетсек, 2010 жылғы 5 шілдеде өткен ЕурАзЭҚ саммиты шеңберінде «Росатом» Мемкорпорациясы мен «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ «УЭХК» ААҚ қуаттарын пайдалана отырып УБО Жобасының Балама нұсқасын жүзеге асыру арқылы Атом энергиясын бейбіт мақсаттарда қолдану саласындағы Кешенді бағдарламаның іс-шараларын орындауды жалғастыру ниеттестігі туралы біріккен мәлімдемеге қол қойған болатын.
Одан бұрынырақ, яғни 2006 жылғы 7 желтоқсанда Ресей Федерациясының Атом энергиясы жөніндегі федералды агенттігі мен Қазақстан Республикасының Энергетика және минералды ресурстар министрлігі Атом энергиясын бейбіт мақсаттарда қолдану саласындағы ресей-қазақстан ынтымақтастығының Кешенді бағдарламасын қабылдағаны мәлім.
Ядролық отын циклы саласындағы ынтымақтастық аясында аталмыш бағдарламада Ресей Федерациясы аумағында жылына 6000 тонна табиғи уранды қайта өңдеуге жеткілікті қуатқа ие (УБО жобасы) уран байытатын бірлескен кәсіпорынды тең үлеспен құру көзделген болатын.
«УЭХК» ААҚ (Новоуральск қ., «Росатом» Мемкорпорациясына қарасты кәсіпорын) уран байыту бойынша әлемдегі ірі кәсіпорын. Ядролық зарядтар үшін жоғары байытылған уран алу және уран изотоптарын бөлу жөнінен елдегі бірінші кәсіпорын. «Росатом» Мемкорпорациясының шешіміне сәйкес Урал электрохимия комбинаты «ТВЭЛ» ААҚ базасында құрылған Отын компаниялары құрамындағы кәсіпорындар қатарында тұр.
Росатомның «ТВЭЛ» Отын компаниясы Ресей атом саласының сатылас интеграцияланған құрылымына енген. Компания отынды фабрикациялау бойынша өндірістік және ғылыми активтерді, бөлу-сублиматтау кешенін, сондай-ақ газ центрафугалары мен олардың жабдықтарын шығаратын кәсіпорындарды біріктіреді. «ТВЭЛ» Отын компаниясы ядролық-отын циклының бастапқы кезеңдері кәсіпорындарын, сонымен қатар жұмыс тиімділігі мен ғаламдық рыноктағы бәсекеге қабылеттілікті арттыруды басқарудың қолайлы құрылымына қол жеткізу үшін құрылған.
«Росатом» атом энергиясы жөніндегі Мемлекеттік корпорация («Росатом» Мемкорпорациясы) Ресейдің атом саласындағы барлық азаматтық компанияларды, ядролық қару кәсіпорындары мен әлемдегі жалғыз атом мұзжарғыш флотын қамтитын 270-тен астам кәсіпорындар мен ғылыми ұйымдарды біріктіреді. Росатом елдің еуропалық бөлігінің 40%-нан астамын электр энергиясымен қамтамасыз ететін ірі компания болып табылады.
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ – Қазақстанның уран және оның қосындыларын, сирек металдар, атом электр стансаларына арналған ядролық отын, арнайы құрал-жабдықтар, технологиялар және екіұдай мақсаттағы материалдар экспортымен айналысатын ұлттық оператор. Компания қызметінің басты бағыттары геологиялық барлау, уран өндірісі, ядролық отын циклы өнімдерін өндіру, реактор жасау, АЭС құрылысы, конструкциялық материалдар өндірісі, энергетика, ғылыми зерттеу, әлеуметтік қамту және мамандар дайындау болып табылады. Бүгінгі таңда компанияда 26 мыңнан астам адам еңбек етеді. Қазатомөнеркәсіп әлемнің жетекші уран өндіруші компанияларының көшін бастап келеді.
