Қазатомөнеркәсіп пен AREVA жаңғырмалы және баламалы қуат көздері саласындағы ынтымақтастық туралы Келісімге қол қойды
27.06.2011Париж
2011 жылғы 27 маусым күні Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Кәрім Мәсімовтің Францияға жасаған ресми сапары барысында «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Басқарма төрағасы Владимир Школьник пен AREVA тау-кен тобының Аға атқарушы вице-президенті Себастьен Де Монтессю Жаңғырмалы және баламалы қуат көздері саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.
Аталмыш құжат француздар тарабының қазақстандық кремний негізінде жасалған фотоэлектрлі модульдерді халықаралық рынокқа шығаруды көздейтін жобаны жүзеге асыруға деген қызығушылығын дәлелдейді.
Сонымен қатар, Владимир Школьник пен Себастьен Де Монтессю ядролық циклдың реакторға дейінгі саласындағы серіктестікті нығайту бойынша келіссөздер өткізді.
Анықтама
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ мен AREVA арасындағы ынтымақтастық 1996 жылдан, Оңтүстік Қазақстан облысының Созақ ауданы аумағындағы Мойынқұм және Төртқұдыұқ кен орындарын игеріп, табиғи уран өндіретін «Катко» қазақстан-француз бірлескен кәсіпорны құрылған кезден бастау алады. Компания жер асты-ұңғымалы шаймалау технологиясын пайдалана отырып, жылына 3100 тоннадай уран өндіретін қуаты бар қазіргі заманғы құрал-жабдықтарға ие.
2010 жылы Қазатомөнеркәсіп пен AREVA Өскемендегі Үлбі металлургия зауыты үшін AREVA жобасына негізделген отын құрамаларын шығаратын жаңа желі құру туралы келісімге қол қойып, ынтымақтастықтың жаңа кезеңін бастады. Қазір осы жобаның техника-экономикалық негіздемесі әзірленуде.
2010 жылғы қазан айында «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ және Францияның атом энергетикасы жөніндегі комиссариаты фотовольтаика саласындағы зерттеу жобаларын үйрену мүмкіндіктері туралы Меморандумға қол қойған болатын. Осы құжат шеңберінде Қазақстанда отандық кремний негізінде жасалатын фотоэлементті модульдер шығаратын зауыт салуға шешім қабылданды. Бүгінде бұл жоба да техникалық-экономикалық негіздемеден өтуде.
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ – Қазақстанның уран және оның қосындыларын, сирек металдар, атом электр стансаларына арналған ядролық отын, арнайы құрал-жабдықтар, технологиялар және екіұдай мақсаттағы материалдар экспортымен айналысатын ұлттық оператор. Компания қызметінің басты бағыттары геологиялық барлау, уран өндірісі, ядролық отын циклы өнімдерін өндіру, реактор жасау, АЭС құрылысы, конструкциялық материалдар өндірісі, энергетика, ғылыми зерттеу, әлеуметтік қамту және мамандар дайындау болып табылады. Бүгінгі таңда компанияда 23000-ден астам адам еңбек етеді. Қазатомөнеркәсіп әлемнің жетекші уран өндіруші компанияларының көшін бастап келеді.

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ
Қоғаммен байланыс бөлімі
+7 /727/ 244 62 54
AREVA көмір қышқыл газын ауаға шығармастан электр энергиясын өндіру шешімін ұсынады. Компанияның бұл саладағы сараптамалық білімі мен ноу-хаулары өндіріс стандарттарын белгілесе, тұрақты дамуды қамтамасыз ететін зерттемелері өндірісті ұдайы жетілдіруге бағытталған. Әлемдік ядролық энергетикада бірінші орында тұрған AREVA-ның бірегей интеграцияланған шешімдері ядролық-отын циклының жобалаудан бастап реактор салуға дейінгі барлық кезеңдерін, сондай-ақ қосарлы қызметтерін қамтиды. Сонымен қатар, AREVA тобы өз қызметтерінің аясын қайта жаңғырып тұрушы қуат көздерінінің өндірісі бойынша да кеңейте түсуде.