Қазатомөнеркәсіп пен Тошиба сирек металдар шығаратын
29.09.2011Астана
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ мен жапонның Toshiba Corporation компаниясы сирек және сирек-жер металдар кен орындарын барлау, игеру, өнім өндіру және оларды өткізу ісімен шұғылданатын жаңа бірлескен кәсіпорын құрды.
«КТ Сирек металл компаниясы» бірлескен кәсіпорны» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2011 жылғы 21 қыркүйекте мемлекеттік тіркеуден өтті.
Бірлескен кәсіпорын ашудағы мақсат қосымша құны жоғары сирек және сирек-жер металдар өнімдерін шығаратын сатылас интеграцияланған компания құру болып табылады.
Бірлескен кәсіпорынның Құрылтайшылық шарты мен Жарғысына үстіміздегі жылғы 8 қыркүйекте Алматыда «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Сергей Яшин және Nuclear Energy Systems & Services Division, Power Systems Company, Toshiba Corporation Корпоративті вице-президенті, Бас менеджері Кийоши Окамура қолдарын қойған болатын.
Жаңа бірлескен кәсіпорындағы Қазатомөнеркәсіптің үлесі – 51%, Toshiba Corporation – 49%. Жарғылық капитал мөлшері – 750 млн. теңге. «КТ Сирек металл компаниясы» ЖШС-нің Бас кеңсесі Астана қаласында орналасады. Кәсіпорын өз жұмысын 2011 жылғы қараша айынан бастауды жоспарлап отыр.
«КТ Сирек металл компаниясы» ЖШС-нің жұмыс бастауы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2008 жылғы маусымда Жапонияға жасаған мемлекеттік сапарының қорытындысы бойынша мемлекет басшысы берген тапсырманың және сол жолы қол жеткізілген сирек және сирек-жер металдар негізінде жоғары технологиялық өндіріс орнын ашу мақсатында бірлескен кәсіпорын құру туралы келісімнің орындалғанының жарқын көрінісі.
АНЫҚТАМА
Сирек және сирек-жер металдар мен олардың қоспалары бірегей физика-химиялық қасиеттер кешеніне ие болғандықтан, қолдану аясы да әлдеқайда ауқымды: аспап жасау, машина жасау және металлургия, атом энергетикасы, радиоэлектроника, оптика, химиялық және шыны өнеркәсібі, түрлі люминофорлар өндірісі, сонымен қатар ауыл шаруашылығы және медицина. Сирек және сирек-жер металдар күрделі техниканың аса жауапты бөлшектерінің сыңарлары үшін негізгі материал ретінде кеңінен қолданылады. Бүгінде оларсыз заманауи қозғалтқыштар мен турбиналарды, өткізгіштігі жоғары материалдарды, медициналық техниканы, қуатты әрі шағын тұрақты магниттерді, жоғары қуаттағы компьютерлерді, аэроғарыштық техниканы, катализаторлар мен электромобильдерге арналған аккумуляторлық батареяларды жасау мүмкін емес.

Toshiba Corporation – жоғары технологияларды енгізу бойынша ең жаңашыл және әлемдік көшбасшы; әртараптанған өнімдер әзірлеуші; ақпараттық-коммуникативті жүйелер мен қондырғыларды, сандық тұтыну тауарларын, электронды аспаптар мен сыңарларын, ішінде ядролық энергия да бар энергиялық жүйелерді, өнеркәсіптік жүйелер мен әлеуметтік инфрақұрылымдар жүйесін, тұрмыстық электр аспаптарын қамтитын алдыңғы қатарлы электронды және электротехникалық өнімдер рыногының белсенді қатысушысы. 1875 жылы негізі қаланған Toshiba бүгінде 740-тан астам компаниялармен іскерлік байланыс орнатқан. Жер шарының әр шалғайындағы компания қызметкерлерінің ұзын саны 200 мыңнан асып жығылады.
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ – Қазақстанның уран және оның қосындыларын, сирек металдар, атом электр стансаларына арналған ядролық отын, арнайы құрал-жабдықтар, технологиялар және екіұдай мақсаттағы материалдар экспортымен айналысатын ұлттық оператор. Компания қызметінің басты бағыттары геологиялық барлау, уран өндірісі, ядролық отын циклы өнімдерін өндіру, реактор жасау, АЭС құрылысы, конструкциялық материалдар өндірісі, энергетика, ғылыми зерттеу, әлеуметтік қамту және мамандар дайындау болып табылады. Бүгінгі таңда компанияда 23000-ден астам адам еңбек етеді. Қазатомөнеркәсіп әлемнің жетекші уран өндіруші компанияларының көшін бастап келеді.