Қазатомөнеркәсіп жаңартылған балалар сауықтыру лагерінің тұсаукесерін өткізді

08.07.2011

Қазақстан тәуелсіздігінің 20-жылдығына арналған «20 қайырымды шара» акциясының шеңберінде, шілденің 8-күні «Үлбі металлургия зауыты» АҚ (ҮМЗ – «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ еншілес кәсіпорыны) Александр Матросов атындағы балаларды сауықтыру лагерінің тұсаукесерін өткізді.
 
Аталған шараға Шығыс-Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаев, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Басқарма төрағасы Владимир Школьник, ҚР Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов, «ҮМЗ» АҚ Басқарма төрағасының қызметін атқарушы Юрий Шахворостов және басқа да ресми тұлғалар, қоғам өкілдері қатысты. 
 
Балаларды сауықтыру лагерін жаңарту бойынша құрылыс жұмыстары Қазатомөнеркәсіп басшысы мен ШҚО әкімінің 2009 жылдың күз айында өзара әріптестік туралы Меморандумға қол қойған соң бастау алды.
 
Жаңартылған сауықтыру лагерінде әр жаз бойы шашамен 400-ге тарта бүлдіршін жайлы демалысын өткізе алады. Қыс айларында лагерь 40 адамды қабылдамақ. Мұндағы ескі құрылыстар қиратылып, олардың орнына жаңа ғимараттар тұрғызылған. 19 тұрғын коттедж демалушыларды қарсы алуға дайын. Олардың 13-і жаңадан салынып, алтауы күрделі жөндеуден өткізілген. Жаңа құрылыстар жуынып-шайыну бөлмелерімен қамтамасыз етілген.
 
Ғимараттардың барлығында балаларға арналған ойын бөлмелері мен ақпараттық-жетілдіру бөлімдері, сұйық-кристаллды теледидарлар және басқа да қажетті құрал-жабдықтар бар.
 
Лагерьде тынығып жатқандарды бір уақытта тамақтандыра алатын асхана ғимараты жаңадан соғылған.
 
Мұндағы спорттық-сауықтыру кешенінде бірқатар спорт алаңдары мен құралдары қарастырылған. Атап айтсақ – футбол алаңы, екі жиналмалы жүзу бассейні, ролик тебетін алаңқай, жеңіл атлетикалық, гимнастикалық және ойын алаңдары. Барлық құрылғылар мүгедек балалардың да демалуына ыңғайластырылған.
 
Лагерьдің орталық алаңында көпшілік шараларға арналған үлкен ашық алаң, жазғы эстрада салынған. Нысандардың барлығы кинокөрсетілімдерге арналған экран және би-концерттік құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген.
 
Лагердің инженерлік конструкциялары мен желілеріне де түбегейлі өзгерістер енгізілген. Тұрмыстық суағарлар толық биологиялық тазартудан өткізіліп, қалдықтарды жинау және айдау стансасы салынған. Трансформаторлық подстанциялар және басқа да энергиямен қамтамасыз ету нысандары қарастырылған. Жергілікті электр су жылытқыштары ыстық сумен амтамасыз етеді. Жатын ғимараттары жаздың салқын күндерінде де жылытылады.
 
Лагерь аумағын топан судан сақтап қалу бойынша шаралар қарастырылып, қорғаушы бөгеттер қалпына келтіріліп, бекітілген. Ғимараттар іргетасы жерасты суларының көтерілу қауіпін ескере отырып салынған.  
 
Мотросов атындағы лагерь – Шығыс Қазақстанда орналасқан ең көне сауықтыру кешендерінің бірі. Салынғалы бері мұнда 120 мыңнан астам бала ем-дом алды. Биыл лагерьдің құрылғанына 59 жыл толады.
 
 
«Үлбі металлургия зауыты» АҚ – атом электр стансалары үшін уран диоксидынан отын таблеткаларын және құрамында бериллий, тантал мен ниобий бар өнімдерді шығарушы ретінде танылған әлемдік көшбасшылардың бірі. Кәсіпорын «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясының құрамына енеді.
www.ulba.kz
 
«ҮМЗ» АҚ Баспасөз қызметі
+8(3272)29-84-12
 
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ – Қазақстанның уран және оның қосындыларын, сирек металдар, атом электр стансаларына арналған ядролық отын, арнайы құрал-жабдықтар, технологиялар және екіұдай мақсаттағы материалдар экспортымен айналысатын ұлттық оператор. Компания қызметінің басты бағыттары геологиялық барлау, уран өндірісі, ядролық отын циклы өнімдерін өндіру, реактор жасау, АЭС құрылысы, конструкциялық материалдар өндірісі, энергетика, ғылыми зерттеу, әлеуметтік қамту және мамандар дайындау болып табылады. Бүгінгі таңда компанияда 23 000 астам адам еңбек етеді. Қазатомөнеркәсіп әлемнің жетекші уран өндіруші компанияларының көшін бастап келеді.

жаңалықтарға оралу