Қазатомөнеркәсіп және немістің Chemieanlagenbau Chemnitz GmbH компаниясы Ынтымақтастық меморандумына қол қойды
24.05.2011Берлин қ.
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Басқарма төрағасы Владимир Школьник «Экономикалық ынтымақтастық үшін серпіндер» қазақстан-герман экономикалық форумының жұмысына қатысуда.
Бүгін Берлинде басталған форумда Қазақстан мен Германияның өнеркәсіп және қаржы топтарының өкілдері бас қосты.
Іскерлік жиынды Вице-Канцлер, ГФР экономика және технологиялар федеральды министрі доктор Филипп Реслер мен Қазақстан Респуликасы Премьер-министрінің орынбасары, Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев ашты.
В.Школьник Қазақстан мен Германия ынтымақтастығының Қазатомөнеркәсіп қызметінің жаңа бағыттарындағы басымдықтарына арналған баяндама жасады.
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Басқарма төрағасы уран және сирек металдар өндірісін ресурспен қамтамасыз етудегі инновациялар туралы әңгімелеп, форум қатысушыларын күкірт қышқылы өндірісіндегі жаңа технологиямен таныстырды.

Баяндамада «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС-де теңіз суын тұщыту барысында алынатын тұздықты қайта өңдеудің перпективалық жобасына баса назар аударылды. Бұл бағыт Ақтау базасында химиялық кластерді дамытуда маңызды тармақтардың біріне айналмақ. Тұщыту қондырғыларының тұздықтарын қайта өңдеу нәтижесінде мұнай-газ, тау-кен және қайта өңдеу кәсіпорындарында үлкен сұранысқа ие кең ауқымдағы өнімдер алынатын болады. Атап айтқанда, осындай реагенттердің бірі саналатын сутек тотығы уран және алтын өндірісінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады.
Форум аясында Қазатомөнеркәсіп және «Хемианлагенбау Хемниц ГмбХ» («Chemieanlagenbau Chemnitz GmbH») компаниялары ынтымақтастық Меморандумына қол қойды. Аталмыш құжат Қазақстан мен Германияның әлемдік деңгейдегі бірлескен инновацияларын, серпінді технологияларын және қос елдің, сондай-ақ басқа да мемлекеттердің атом, химия және металлургиялық секторларындағы ғылымды көп қажетсінетін жаңа өндіріс орындарын ашу бойынша ынтымақтастық шарттарын анықтап береді.

Құжатта нақты 9 жоба қамтылған, олардың қатарында тұз қышқылын, натрий цианидын, хлорид және кальций гипхлоридын, басқа да химиялық өнімдер өндіретін пилотты қондырғыларды жасау жобалары бар.
Меморандум Қазақстандағы бәсекелі технологиялар рыногын қалыптастыруды және жүйеге келтіруге бағытталған.
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ – Қазақстанның уран және оның қосындыларын, сирек металдар, атом электр стансаларына арналған ядролық отын, арнайы құрал-жабдықтар, технологиялар және екіұдай мақсаттағы материалдар экспортымен айналысатын ұлттық оператор. Компания қызметінің басты бағыттары геологиялық барлау, уран өндірісі, ядролық отын циклы өнімдерін өндіру, реактор жасау, АЭС құрылысы, конструкциялық материалдар өндірісі, энергетика, ғылыми зерттеу, әлеуметтік қамту және мамандар дайындау болып табылады.
Бүгінгі таңда компанияда 24000-ден астам адам еңбек етеді.
Қазатомөнеркәсіп әлемнің жетекші уран өндіруші компанияларының көшін бастап келеді.
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ
Қоғаммен байланыс бөлімі
+7 /727/ 244 62 54
«Хемианлагенбау Хемниц ГмбХ» (Хемниц, Германия) кешенді химиялық қондырғылар салу бойынша 40 жылдан астам уақыттан бері әлемдік рынокта, соның ішінде Ресей, Қазақстан, Украина, Өзбекстан және ТМД-ның басқа да елдерінде жұмыс істеп келе жатқан инжинирингтік компания. Кәсіпорын Қазақстан аумағында Қаламқас кен орнындағы мұнай өндіруге дайындық қондырғылары, МаңғыстауМұнайГаз үшін 90 МВт-тық газотурбиналы электр стансасы, Алматыда инфузинды ерітінділер өндірісі сияқты тағы да басқа тапсырыстырды орындаумен танымал.