Қытай компанияларымен ынтымақтастықтың жаңа дәуірі басталды
12.10.2007Әлемнің жетекші уран өндірушілерінің бірі «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясы» АҚ, Қытайда АЭС құру және пайдалану саласында мамандандырылған Қытайлық ядролы-энергетикалық корпорациясы (China Guangdong Nuclear Power Holding, CGNPC) мен Қытайдың ядролы-энергетика саласындағы ең ірі Ұлттық ядролы корпорациясы (China National Nuclear Corporation, CNNC) үстіміздегі жылдың қыркүйек айында, Пекин қаласында атом энергетикасы саласындағы қарым-қатынастарды одан ары дамытуға қатысты бірқатар келісім-шарттарға қол қойғандығы туралы жариялайды.
Соның ішінде, Қазатомөнеркәсіп пен CGNPC арасында бірлескен кәсіпорын құру арқылы Қазақстанда уран ресурстарын бірлесіп игеру және Қазатомөнеркәсіптің Қытай атом энергетикасына инвестиция құю жөнінде екі Меморандумға қол қойылды.
Меморандумдарға Қазатомөнеркәсіп Президенті Жәкішев мырза мен CGNPC Бас директоры Хэю мырза қол қойды. Қол-қою рәсіміне CGNPC Директорлар Кеңесінің Төрағасы К. Жимин мырза, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қытайдағы елшілігінің, Сауда министрліктері мен ҚХР Сыртқы істер министрлігінің өкілдері қатысты.
Меморандумға қол-қою «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясы мен Қытайдың Гуандон ядролы-энергетикалық корпорациясының үлкен әрі әсерлі жұмысының нәтижесі және Қытай мен Қазақстанның энергетика саласындағы стратегиялық әріптестігін бекітудегі маңызды қадам болып табылады.
Қазатомөнеркәсіп пен CGNPC «Стратегиялық әріптестікті кеңейту және тереңдету жөнінде келісім-шартқа» қол қойды. Аталған құжатта атом саласындағы стратегиялық әріптестіктің өзекті бағыттары анықталған, соның ішінде табиғи уран өндірісі бойынша бірлескен кәсіпорын құру және Қазатомөнеркәсіптің Қытай атом энергетикасына инвестиция құю.
Келісім-шартқа Қазатомөнеркәсіп Президенті Жәкішев мырза мен CNNC Президенті Канг Риксин мырза қол қойды. Келісімге қол-қою рәсіміне Қытайдың атом энергетикасы бойынша Комитетінің Төрағасы, ҚХР қорғаныс ғылымы, техникасы мен өнеркәсібі бойынша Комитетінің Төрағасы Сун Чин мырза қатысты.
«Қазатомөнеркәсіп» пен CNNC арасындағы стратегиялық әріптестікті кеңейту және тереңдетудің екі ел үшін маңызы орасан және ол қос мемлекеттің ядролы отын айналымының барынша мықты буындарын біріктіруге мүмкіндік береді.
Жоғарыда аталған құжаттарға қол-қойылғандықтан, қазақстан-қытайлық біріккен кәсіпорындар өндіретін табиғи уранның бәрі Қытайға ядролы отын бөлінісінің барынша жоғары дәрежелі өнімі түрінде жеткізілетін болады.
