Маңғыстау өңірін сапалы ауыз сумен қамтамасыз ететін жаңа тұщыту қондырғысы іске қосылды
26.06.20082006 жылғы маусымның 26-сы күні «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС-де (Қазатомөнеркәсіптің еншілес кәсіпорны) Ақтау қаласының барлық тұрғындарын, өнеркәсіп орындары мен жаңадан салынып жатқан ықшам аудандарды жоғарғы сапалы ауыз сумен қамтамасыз ететін жаңа ДОУ-12 дистилляциялаушы тұщыту қондырғысы пайдалануға тапсырылады. Жаңа қондырғы Маңғыстау атом комбинатының 40 жылдығын мерекелеу күні іске қосылды.
ДОУ-12 қондырғысы негізінде теңіз суын термикалық жолмен тұщытудың ең озық технологиясы жатыр. Оны монтаждау жұмыстары 2008 жылдың мамыр айында аяқталған болатын. Содан бері жүргізілген сынақтар қондырғының техникалық сипаттамасы талап етілген нормаларға толық сәйкес келетінін дәлелдеді:
- өнімділік - 12000 тонн/тәул.;
- тұз құрамы - 5 мг/л.
Жаңа тұщыту қондырғысы кәсіпорындағы бұрынғы қондырғылардан тек сырт көрінісі және құрылымымен ғана емес, сонымен қатар үнемділігімен де ерекшеленеді. Оның металлды қажет етуі екі есе төмен, электр қуатын үш есе аз тұтынады, жылу турбиналарының төмен қысымдағы қолданылған буымен жұмыс істейді. Жаңа қондырғы іске қосылған соң шығындар шамамен екі есеге азаяды. Бұл жоба кәсіпорынның өндірісін оңтайландыру жөніндегі жалпы тұжырымдамаға кіреді.
Маңғыстау түбегінде тұщы су көздері дерліктей жоқ. Соған байланысты аймақ үшін жаңа тұщыту қондырғысының іске қосылуы өте маңызды. Өйткені, суды тұтыну көлемі артып, ал оны тұщыту қуаты жетпей жататын. Қазіргі таңда МАЭК-Қазатомөнеркәсіпте 6 тұщыту қондырғысы жұмыс істеп тұрса, соның бесеуі 20 жылдық жобалық жұмыс мерзімін әлдеқашан өтеп болған.
Осы уақыт ішінде ескі қондырғылар тозып, жоғары сапалы ауыз суға болған өскелең сұранысты қанағаттандыра алмай келді. Қазатомөнеркәсіп басшылығы бұл мәселені тек жаңа заманауи тұщыту қондырғыларын салу арқылы шешуге болады деп ұйғарған.
МАЭК-Қазатомөнеркәсіп алдағы уақытта істен шыққан тұщыту қондырғыларын бүгінгі таңда техниканың ең озық үлгісі болып отырған осы типтес қондырғылармен алмастыруды жоспарлауда.
40 жылдық бай тарихқа ие МАЭК-Қазатомөнеркәсіп тұтас бір өңірдің тұрғындары мен өнеркәсіп орындарын энергиямен, сумен және жылумен үздіксіз қамтамасыз етіп келеді.
МАЭК-ҚАЗАТОМӨНЕРКӘСІП – мұнай мен газды, ірі Маңғыстау аймағы үшін жалғыз энергия көзі.
Энергокомбинат өткен ғасырдың 60-жылдарында құрылған. 1973 жылы кәсіпорында әлемдегі тұңғыш жылдам нейтронды БН-350 атом реакторы іске қосылды. Оның төлқұжаттағы қызмет ету мерзімі 20 жыл. Реактор бірде-бір апатсыз 25 жыл жұмыс істеп, бүгінде қолданыстан шығарылған.
Комбинатта 4 мыңдай жұмысшы мен маман еңбек етеді. Комбинат құрамында үш электр стансасы (ЖЭО-1, ЖЭО-2 және ЖЭС), дистиллят өндірісі және өнеркәсіптік жылу және сумен қамтамасыз ету зауыты, БН-350 реактор зауыты, жөндеу зауыты, желілер және подстанса цехы, КИПиА жөндеу цехы, құрылыс-жөндеу цехы, автотранспорт басқармасы, байланыс цехы, ақпарат-есептеу орталығы, кассалық-есеп орталығы, радиациялық технология және техникалық диагностика орталығы, консрукторлық-жобалау бөлімі және баспахана бар.
Негізгі өндірістік нысандардан басқа комбинат қызметкерлеріне қызмет көрсететін әлеуметтік сипаттағы және денсаулық сақтау нысандары бар. Дәрігерлік-санитарлық бөлім 1996 жылы МАЭК қызметкерлеріне дәрігерлік қызмет көрсету үшін құрылған. «Орбита» спорт кешені денсаулық цехы саналады. Спорт кешені волейбол және баскетбол залдарына, жабық теннис кортына ие. Жылытылған ағынды теңіз суы бар жабық жүзу бассейны жыл он екі ай бойы жұмыс істейді.
МАЭК-Қазатомөнеркәсіптің жоғары білікті мамандары қоршаған ортаның жайына және оған өндірістік кешеннің тигізер ықпалын тұрақты түрде бақылап отырады.
Маңғыстау атом комбинатында қолданылатын электр энергиясы мен жылу өндіру технологиясы бірегей, өйткені ол тұщытылған теңіз суына негізделген.
