Маңғыстау облысында жылу энергиясы мен ыстық су өндіру тарифтерінің төмендеуі туралы.

04.09.2006

Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу жөніндегі агенттігінің басқармасымен келісілген Бас директор Өтебаев Сакеннің 04.08.2006ж. № 01-02-03/6419 бұйрығына сәйкес, «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС 2006 жылдың 1-қыркүйегінен бастап Маңғыстау облысында жылу энергиясы мен ыстық су өндіру тарифтерін төмендетті.   

Осы бұйрыққа байланысты:

1. «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС желісінен жіберілетін жылу энергиясын өндіру тарифы ҚҚҮ-сіз 1018-00 теңге/Гкал мөлшерінде бекітілді. Кезінде осы тариф  ҚҚҮ-сіз 1120-00 теңге/Гкал болатын.

2. «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС желісінен жіберілетін ыстық су өндіру тарифы ҚҚҮ-сіз 75-00 теңге/Гкал мөлшерінде бекітілді. Бұрынғы тариф ҚҚҮ-сіз 88-00 теңге/Гкал болатын.

Тарифтерді мұндай төмендету «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС-тің негізгі құралдарының құнын өсірмейтін нақты шығындарды қысқарту, сонымен қатар инвестициялық бағдарламаны іске асыру шығынын қысқарту арқылы мүмкін болып отыр.

Ескерту:

«МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом қомпаниясының    100 %-ті еншілес кәсіпорны болып табылады. Ол, жылу электр станциясын, көп корпусты дистилляциялық тұщылау қондырғылары бар және БН-350 жылдам нейтрондарда жұмыс істейтін реакторлы, бірыңғай энергия- және су өндіретін кешен. «МАЭК-Қазатомөнеркәсіптің» мақсаты мен басты стратегиялық міндеті Маңғыстау облысының елді мекендері мен өнеркәсіп кәсіпорындарын электр энергиясымен қамтамасыз ету болып табылады, Атырау облысы үшін электр энергиясын сақтап отыру, Ақтау қаласын жылу энергиясымен, ауыз сумен, ыстық және техникалық сумен, сондай-ақ өнеркәсіп кәсіпорындарын дистилляттармен қамтамасыз ету.

Электр энергиясы мен жылу өндіруде Маңғыстау атом комбинаты қолданатын технология, аз ғана су дайындауды қажет ететін тұщы суға емес, қайта тұщыланған теңіз суына негізделгендіктен, бірегей көрінеді.


жаңалықтарға оралу