Мини-футболдан атом энергетикасы және өнеркәсібі қызметкерлерінің командалары арасындағы VI халақаралық турнир туралы баспасөз-баяны

17.10.2009

Алматы қ.

Алматы мини-футболдан атом энергетикасы және өнеркәсібі қызметкерлерінің командалары арасындағы VI Халықаралық турнирқатысушыларын қарсы алды.Биылғы жарыстарға 6 ел құрамасы қатысады: Венгрия, Италия, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Франция. Кубокты иемдену құқығына 8 команда бәс тігіп отыр: «Қазатомөнеркәсіп-1», «CCAS-France», «Химик» (Қырғызстан), «Енисей ГХК» (Ресей), «Арка Энел»(Италия), «Атом-Спорт»(Ресей), «ПАКШ»(Венгрия) және «Қазатомөнеркәсіп-2».

 Турнир ойындары 17-20 қазан аралығында Алматыдағы «Достық» спорт кешенінде өткізіледі.
 
Доп додасын елімізде өткізуге ҚР атом энергетикасы және өнеркәсібі қызметкерлері кәсіподағының Орталық комитеті мен «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясы мұрындық болды.
Түрлі мемлекет атомшылары арасындағы футбол бәсекесінің өзіндік тарихы бар. Сала кәсіпорындары арасында мини-футболдан халықаралық турнир өткізіп тұру бастамасы ресейлік «Атом-спорт» дене-шынықтыру-спорттық қоғамына тиесілі. Алғашқы турнир 2004 жылы Ленинград АЭС-нің базасында өткізілген. 2005 жылы спортшыларды Венгрияның «ПАКШ» АЭС-і қабылдады. 2006 жылы Мәскеу облысының Калинин атом стансасы, 2007 жылы Мәскеу қаласы турнир өткізу алаңын дайындады. 
 
Қазақстандық атомшылар құрамасы доп додасына 2007 жылдан бері қатысып келеді. Бірінші жылы олар қола жүлдені қанжығаға байласа, 2008 жылы Франция аумағындағы Аяччо қаласында (Корсика аралы) екінші орынға қол жеткізді. Жүлде коллекциясы бойынша Ресей қоржыны ең бай, олар төрт мәрте жеңімпаз атанды, бір рет украиналық атомшылар алтыннан алқа тақты.   
 
Мұндай жарыстардың өзіндік мінез-құлқы бар. Бір жағынан, алаңдағы қажырлы текетірес, жеңіске деген құлшыныс болса, екінші жағынан – бір іспен айналысатын түрлі мемлекет өкілдерінің арасындағы жылы достастық қарым-қатынас. Турнир өткізу күндері шетелдік атомшылар Қазақстанмен етене танысып, экскурсия, кездесулерге барады.
 
 «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ – Қазақстанның уран және оның қосындыларын, сирек металдар, атом электр стансаларына арналған ядролық отын, арнайы құрал-жабдықтар, технологиялар және екіұдай мақсаттағы материалдар экспортымен айналысатын ұлттық оператор. Компания қызметінің басты бағыттары геологиялық барлау, уран өндірісі, ядролық отын циклы өнімдерін өндіру, реактор жасау, АЭС құрылысы, конструкциялық материалдар өндірісі, энергетика, ғылыми зерттеу, әлеуметтік қамту және мамандар дайындау болып табылады. Бүгінгі таңда компанияда 25 мыңнан астам адам еңбек етеді. Қазатомөнеркәсіп әлемнің жетекші уран өндіруші компанияларының алғашқы үштігіне кіреді.
www.kazatomprom.kz
 
Қазақстан Республикасының атом энергетикасы, өнеркәсібі және аралас сала қызметкерлерінің кәсіподағы өз қызметін 1992 жылдан бастайды. Кәсіби одақ Қазақстанның атом энергетикасы және аралас саласына қатысы бар 12 кәсіпорынның басын біріктіреді. Бұл дегеніміз 20 мыңнан астам адам. Ұйымның басты мақсаты салаға қатысты әр жұмысшының әлеуметтік-экономикалық құқығының қорғалуын қамтамасыз теу. Сондай-ақ ол еңбек құқығы және еңбекті қорғау, ұйымдастырушылық, халықаралық және ақпараттық қызметпен айналысады. 
 
 
Атом энергетикасы, өнеркәсібі және аралас сала қызметкерлерінің кәсіподағы тел./факс. +7 /7292/ 51 61 41,
E-mail:ckpae@topmail.kz
 
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ
Қоғаммен байланыс басқармасы
+7 /727/ 244 62 54
pr@kazatomprom.kz   
 
 
 
 
 

жаңалықтарға оралу