Мыңқұдық кен орны «Батыс» учаскесіндегі уран өндіретін кеніштің ашылуы туралы

04.06.2008

2008 жылдың 4-маусым күні Алматыда өткен баспасөз-мәслихатында Оңтүстік Қазақстан облысының Созақ ауданындағы «Батыс» учаскесінде жаңа Мыңқұдық жерасты шаймалау кенішінің ашылғандығы туралы ақпарат жарияланды. Бұл - Қазақстан мен Жапонияның атом энергетикасы саласындағы әріптестігі аясында өнеркәсіптік қолданысқа енгізілген тұңғыш кеніш. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ (65%) мен Sumitomo Corporation (25%) және Kansai Electric Power Co., Inc. (10%) компанияларының қатысуымен 2006 жылдың басында құрылған «ӘППАҚ» ЖШС біріккен кәсіпорыны осы кеніштің операторы болып табылады.

Баспасөз-мәслихатына «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясының президенті Мұқтар Жәкішев, Sumitomo Corporation атқарушы директоры Тору Фурихата, Kansai Electric Power Co., Inc. атқарушы директоры Хидеки Тойоматсу және «ӘППАҚ» ЖШС-нің бас директоры Ринат Абдулвалиев қатысты.    

«Кеніштің іске қосылуы үш компания арасындағы табысты да сенімді әріптестіктің жемісі болып саналады. Өзара түсіністік пен тығыз қарым-қатынас арқасында техникалық жағынан аса күрделі осынау жобаны қысқа мерзім ішінде жүзеге асырудың сәті түсті»,- деп атап өтті «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК президенті Мұқтар Жәкішев. 

Мәслихат қатысушылары,  «ӘППАҚ» ЖШС-і Қазақстанда өндірілген уран қойыртпасын 2008 жылы Жапонияға жеткізе бастайды. 2010 жылға қарай ауқымы жылына 1000 тоннаға жететін толық қарқынды коммерциялық өндіріске қол жеткізіледі.  Кеніш қызметінің мерзімі – 22 жыл, өндірістің жалпы ауқымы болжам бойынша 18 мың тонна құрайды, - деп мәлімдеді.  

Мыңқұдық кенішінің «Батыс» учаскесінде уран өндірісі жерасты ұңғымалы шаймалау (ЖҰШ) әдісімен жүргізіледі. «Қазатомөнеркәсіп» мамандарымен жетілдірілген ЖҰШ әдісі Қазақстан аумағындағы басқа да кеніштерде сәтті пайдаланылып, өзін жағымды қырынан таныта білді. Атом энергетикасы бойынша халықаралық агенттік (МАГАТЭ) бұл технологияны экологиялық тұрғыдан оңтайлы әрі қауіпсіз әдіс деп таныды. ЖҰШ әдісінің  қоршаған ортаға ешбір зиянды әсерін тигізбейтіні ұзақ жылдардағы зерттеулермен дәлелденген. 
Ескерту

Қазатомөнеркәсіп - Қазақстанның уран және оның қосындыларын, сирек металлдар, атом энергетика стансаларына арналған ядролық отын, арнайы құрал-жабдықтар, технологиялар экспортымен айналысатын ұлттық оператор. Компания акцияларының 100 % ҚР Энергетика және минералды ресурстар министрлігіне, яғни, мемлекетке тиесілі. Ол алты негізгі бағытты басқаратын холдинг. Бұл бағыттар: геологиялық барлау, уран өндірісі, металлургия, энергетика, өндірісті ғылыми тұрғыда қамтамасыз ету және мамандар дайындау, сонымен қатар әлеуметтік қамсыздандыру. Қазіргі күні компанияда 25 мыңнан астам адам  жұмыс істейді. Қазатомөнеркәсіп әлемнің алдыңғы қатарлы уран өндіруші компанияларының үштігіне кіреді.

Sumitomo Corporation - Бас кеңсесі Токиода орналасқан диверсификацияланған халықаралық сауда компаниясы. Оның негізі 1919 жылы қаланған. Өзінің тармақталған халықаралық сауда желісі арқасында Sumitomo Corporation түрлі тауарлар мен қызметтер импорты мен экспорты бойынша жергілікті және халықаралық келісімдер іспетті түрлі жобаларға қатысады, ішкі және халықаралық бизнес-инвестициялар ұсынады. Сонымен қатар, компания металл, көлік нарықтары,  машинақұрылысы, электроника, минералды ресурстар, энергетика және логистика салаларына инвестицию құюмен айналысады.

www.sumitomocorp.co.jp

Kansai Electric Power Co., Inc. – штаб-пәтері Осака қаласында орналасқан Жапониядағы екінші ірі энергетикалық компания. Компания 1951 жылы құрылған. 2007 жылғы 31 наурыздағы мәлімет бойынша, компания 13.3 миллион тұтынушы үшін электр энергиясын өндіреді. Компания 34 860 МВт/с асып түсетін жалпы генераторлық қуатқа ие. Kansai компаниялар тобы нарықта энергетикамен байланысты ақпараттық технологиялар сияқты тағы басқа салаларға да қатысады.

www.kepco.co.jp


жаңалықтарға оралу