Жаңалықтар

Mұрағат:   2005    2006    2007    2008    2009    2010    2011    2012   
25.04.2009
Қазақстан халқына Toshiba корпорациясы тарту еткен сакура көшеттерін отырғызу рәсімі туралы баспасөз-баяны
2009 жылдың 25 сәуір күні Алматы қаласы әкімдігі ғимаратының маңында Сакура саяжолының ашылу рәсімі салтанатты жағдайда өтті. Сакура көшеттері Қазақстан халқына Toshiba корпорациясымен тарту етілді.

24.04.2009
"Қорасан-1" уран кенішінің ашылуы туралы баспасөз-баяны
Қызылорда облысының Жаңақорған ауданында ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімовтің қатысуымен Солтүстік Қорасан уран кен орнының «Қорасан-1» учаскесіндегі кеніштің салтанатты ашылу рәсімі болып өтті. Бұл жылына 3 мың тонна уран өндіретін өндірістік қуатқа ие Қазақстандағы алғашқы кеніш болып отыр. «Қорасан-1» кенішінің ашылуы Қызылорда облысының өміріндегі маңызды оқиға.

02.04.2009
Т.Г. Квятковскаяның 2009 жылғы 1 сәуірдегі сөзіне орай
Қазатомөнеркәсіп алдына қойылған мақсаттарға біртіндеп қол жеткізіп келеді, уран өндіруден бастап АЭС-ке арналған отын құрамаларын шығаруға дейінгі толық ядролық отын циклына ие тігінен интеграцияланған компания құруды ұйымдастыруды аяқтады. Сөйтіп, өткен 10 жыл ішінде Қазатомөнеркәсіп әлемдік брендке айналып, жаһандық энергетикадағы маңызды орнын иеледі.

24.03.2009
Сирек және сирекжер металдар өндіру мен қайта өңдеуді дамыту
Жуырда Қазатомөнеркәсіптің делегациясы жұмыс сапарымен Жапонияда болып қайтты. Сапардың мақсаты – Қазақстан аумағында сирек және сирекжер металдар (СЖМ) өндіру және оларды қайта өңдеу саласында жапондық әріптестермен ынтымақтастықты дамыту.

04.02.2009
"Қазатомөнеркәсіп" ұлттық атом компаниясы өткізген баспасөз-мәжілісінің қорытынды баяны
'Қазатомөнеркәсіп' ҰАК' АҚ президенті Мұхтар Жәкішев Үндістанмен әріптестік әлеуетіне жоғары баға берді. Бұл туралы ол 2009 жылдың 3-ақпан күні Үндістанға сапар қорытындысына арналған баспасөз-мәжілісінде мәлімдеді.

24.01.2009
Үндістан мен Қазақстанның ядролық энергетика саласындағы әріптестігі туралы
ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Үндістанға ресми сапары шеңберінде Үндістанның Nuclear Power Corporation of India Limited (NPCIL) ядролық-энергетикалық корпорациясы мен «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Дели каласында өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойды.

15.01.2009
2008 жыл бойынша Қазақстандағы уран өндірісінің ауқымы
2008 жыл қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасында 8 521 тонна уран өндірілді.

11.12.2008
«ҮМЗ» АҚ-да сыйымдылығы жоғары конденсаторлық тантал ұнтақтарын шығаратын өндірістің ашылуы туралы
2008 жылдың 11-желтоқсан күні Өскемендегі Үлбі металлургия зауытында сыйымдылығы жоғары конденсаторлық тантал ұнтақтарын шығаратын цехтің ашылу рәсімі өтті.

27.11.2008
NEXI «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ және жапондық әріптестердің бірлескен жобалары бойынша сақтандыру төлемін арттырады
Экспорттық және шетелдік инвестициялық операцияларды сақтандыру ісімен шұғылданатын Жапонияның NEXI (Nippon Export and Investment Insurance) Мемлекеттік агенттігі «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның жапондық компаниялармен уран өндірісі жобалары бойынша бірлескен жобаларының сақтандыру төлемін ағымдағы 47,94 млн. доллардан 114,375 млн. АҚШ долларына дейін арттыратын болды.

06.11.2008
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАҚ» АҚ мен қытайдың CNNC және CGNPC энергетикалық компаниялары арасындағы стратегиялық серіктестік жөніндегі келісімге қол қойылғаны туралы
2008 жылғы 31 қазан күні Астанада «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ мен Қытайдың China National Nuclear Corp (CNNC) және China Guangdong Nuclear Power Co (CGNPC) энергетикалық корпорациялары арасындағы стратегиялық серіктестік туралы келісімге қол қойылды.

<< < 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 > >>