Сирек кездесетін металдар өндірісі саласында жапондық компаниялармен бірқатар келісімдерге қол қойылғаны туралы баспасөз-баяны

22.10.2009
Астана                                                      

Астанада экономикалық әріптестік бойынша қазақстан-жапондық және жапон-қазақстандық комитеттерінің оныншы бірлескен отырысы шеңберінде ірі жапондық корпорациялармен Қазақстан аумағында сирек кездесетін металдар және соның негізінде жасалатын өнімдер өндірісі бойынша бірлескен кәсіпорын құру туралы бірқатар келісімдерге қол қойлды. Нақты айтқанда:
 
·        Toshiba Corporation компаниясымен «Сирек металдар саласында әріптестік орнату Хаттамасы»;
·        Sumitomo Corporation компаниясымен «Қазақстан Республикасында сирек кездесетін металдарды игеру бойынша өзара түсіністік және екіжақты тиімді әріптестік орнату туралы Меморандум»;
·        Sumitomo Corporation компаниясымен «Сирек кездесетін металдар өндірісінің техникалық экономикалық негіздемесін әзірлеу бойынша бірлескен қызметтің негізгі ережелеріне қатысты келісім».
 
Құжаттар «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК, Toshiba Corp. және Sumitomo Corp. компанияларының басшылығымен ҚР Энергетика және минералды ресурстар министрлігі, Жапонияның Экономика, сауда және индустрия министрлігі (METI) және жапондық Мұнай, газ және металдар Ұлттық корпорациясы (JOGMEC) өкілдерінің қатысуымен қол қойылды. Ірі жапондық компаниялармен бірлесіп Қазақстанда үстеме бағасы жоғары сирек кездесетін металдар өнімін шығару және әлемдік нарықта өткізу келісімі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2008 жылдың шілде айында Жапонияға ресми сапары барысында қол жеткізілген келіссөздердің нәтижесі. Жобаларды ісе асыру арқасында Қазатомөнеркәсіп және оның жапондық әріптестері сирек кездесетін металдар негізінде жасалатын жоғарытехнологиялық өнімді  ірі мөлшерде шығаруға мүмкіндік алады. Бұл Қазатомөнеркәсіп үшін жаңа қызмет бағыты. Ол отандық ғылымның дамуы және мамандар дайындығына үлкен септігін тигізеді. Сирек кездесетін металдар және оның қосындылары бірегей физико-химиялық қасиетке ие, сондықтан оны қолдану аясы да ауқымды: оптика, химиялық және шыны жасау өнеркәсібі, түрлі люминофорлар өндірісі, аспап жасау, машинақұрылысы және металлургия, атом техникасы, радиоэлектроника, сондай-ақ ауыл шаруашылығы мен медицина. Күрделі техниканың негізгі бөлшектерін жасайтын материалдар ретінде де олар жиі қолданылады. Бұл өнімсіз заманауи қозғалтқыштар мен турбиналарды, барынша қуатты компьютерлер мен аэроғарыштық техниканы, катализаторлар мен аккумуляторлық батареяларды жасап шығару мүмкін емес.  
 
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ – Қазақстанның уран және оның қосындыларын, сирек металдар, атом электр стансаларына арналған ядролық отын, арнайы құрал-жабдықтар, технологиялар және екіұдай мақсаттағы материалдар экспортымен айналысатын ұлттық оператор. Компания қызметінің басты бағыттары геологиялық барлау, уран өндірісі, ядролық отын циклы өнімдерін өндіру, реактор жасау, АЭС құрылысы, конструкциялық материалдар өндірісі, энергетика, ғылыми зерттеу, әлеуметтік қамту және мамандар дайындау болып табылады. Бүгінгі таңда компанияда 25 мыңнан астам адам еңбек етеді. Қазатомөнеркәсіп әлемнің жетекші уран өндіруші компанияларының алғашқы үштігіне кіреді.
www.kazatomprom.kz
 
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ
Қоғаммен байланыс басқармасы
+7 /727/ 244 62 54
pr@kazatomprom.kz   

жаңалықтарға оралу