Сирек және сирекжер металдар өндіру мен қайта өңдеуді дамыту
24.03.2009Жуырда Қазатомөнеркәсіптің делегациясы жұмыс сапарымен Жапонияда болып қайтты. Сапардың мақсаты – Қазақстан аумағында сирек және сирекжер металдар (СЖМ) өндіру және оларды қайта өңдеу саласында жапондық әріптестермен ынтымақтастықты дамыту.
Табиғи ураннан айырмашылығы сол, бұл Қазатомөнеркәсіп үшін қызметтің мүлде жаңа түрі болып отыр. 2008 жылы Қазақстан жапонның сирек және сирекжер металдар тұтынушылары үшін материал жеткізіп беру жөнінде Күн Шығыс елінің «Тошиба», «Сумитомо» және «Марубени» сияқты ірі корпорацияларымен алдын-ала келісімге қол жеткізген болатын. Қазатомөнеркәсіп СЖМ барлау, өндіру және қайта өңдеу жөніндегі үлкен кешенді бағдарламаны әзірлеп жатыр, сол мақсатта арнайы жұмыс тобы да құрылған.
Күн Шығыс елі сирек және сирекжер металдар негізіндегі әлемдік өнімнің 50 пайыздан астамын өндіреді. Жапония жеткізіп тұруларды диверсификациялауға өте мүдделі. Мұны келісссөздер барысында жапон сауда-өнеркәсіп алыптарының басшылары тағы бір рет дәлелдеді. Жапондықтар жоғары технологиялық өнімге деген әлемдік рыноктағы өскелең сұранысты қанағаттандыру үшін Қазақстан аумағында біріккен кәсіпорын құрғысы келеді.
«Сирекжер металдарсыз» техникалық алға басу мүмкін емес. Сирек және сирекжер металдар күрделі техниканың жауапты бөлшектері мен компоненттері үшін негізгі материал ретінде барған сайын кеңінен қолданылуда. Оларсыз заманауи двигательдер мен турбиналарды, асқан өткізгіш материалдарды, күшті, сонымен бірмезгілде шағын тұрақты магниттерді, асқан қуаттағы компьютерлерді, аэроғарыштық техниканы жасауға болмайды. Мысал үшін, рений сияқты осындай металдың оған түрлі қорытпаларды қосу кезінде олардың температурасы мен коррозияға төзімділігін арттыратын қасиеті бар. СЖМ оптикада, шыны жасау өнеркәсібінде, түрлі люминофорлар, катализаторлар және қайта зарядталатын аккумуляторлық батереялар (мысалы, электромобильдерге арналған) өндірісінде қолданылады.
Жапон өнеркәсібінің бұл материалдарға деген мұқтаждығы соншалықты жоғары екеніне Қазатомөнеркәсіптің сапартоп мүшелері Тошибаның асқан өткізгіштер өндірісі зауытын, Ниссан автоконцернының техникалық орталығын, Шинэтсу компаниясының химия-технологиялық кеңсесін аралағанда көз жеткізді. Сондай-ақ, біздің мамандарымыз ғылымды дамыту мен жаңа технологияларды әзірлеуге жапонның жетекші концерндері қаншалықты зор көңіл бөлетінін де көріп қайтты. Мысалы, Шинэтсу компаниясы жалпы айналымдағы қаржының 3 пайыздайын – шамамен жылына жарты миллион доллар көлеміндегі қаржыны ғылыми әзірлемелерге бағыттайды екен. Жапон зауыттарының алаңдарында қазірдің өзінде болашақтың контурлары көрініс береді. Ниссан концерні мамандары қазатоөнеркәсіпшілерге өз мақтаныштары болған экологиялық таза электромобильді көрсетті. Оның жаппай өндірісі 2011 жылы басталады, ал 2012 жылдан осындай машиналардың миллионын ішкі рынокта сатуды жоспарлап қойған. Электромобиль өндірісіне үлкен көлемде сирекжер металдар қажет, ал бұл байлық Қазақстанда аз емес.
«Біз өз тарапымыздан Жапон қызығушылығын Қазақстан үшін пайдалы етіп қанағаттандырғымыз келеді, - дейді сапардан оралған соң топ жетекшісі, Жоғары технологиялар институтының бас директоры Серік Қожахметов. – Қазақстан қазір Жапон еліне тек сирек металдар шикізатын ғана емес, бәрінен бұрын сол негізде жасалған жоғары технологиялық өнімдерді жеткізіп беруді көздеп отыр. Жапондық әріптестермен бірге біріккен кәсіпорын ұйымдастыру арқылы Қазақ елі жаңа технологияларды игеруі, жаңа ғылыми білімді дамытудың алғышарттарын жасауы керек. Сонда елімізде өндіруші кәсіпорындардан басқа, сол шикізаттан жоғары технологиялық және ғылымды көп қажет ететін өнімдер шығаратын жаңа зауыттар бой көтермек. Міне, осындай ынтымақтастық шын мәнінде де өзара тиімді болады».
Қоғаммен байланыс департаменті
тел: 8 727 244 62 54
e-mail: pr@kazatomprom.kz
