Степногор тау-кен химиялық комбинатының 2007 жылдың 9 айындағы қызмет нәтижелері туралы
24.10.2006Степногор тау-кен химиялық комбинатының салық салғаннан кейінгі есеп беру кезеңіндегі таза кірісі 2 027 417 мың теңге, бұл өткен жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда 1 987 840 мың теңгеге артық. Өнімнің негізгі түрлері бойынша өндірістік көрсеткіштер былай деп көрсетілген:
- өзіндік шикізаттан 279 тонна уран өндірілген;
- «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК АҚ Оңтүстік кеніштерінен 1120 тонна уран концентраты қайта өңделген;
- 35116 тонна күкірт қышқылы өндірілген;
- 59260 келі оксидтегі молибден шығарылған.
Ағымдағы жылдың 9 айында «МолиКен» ЖШС еншілес кәсіпорынында 362,7 мың тонна молибден кенінен құны 2 675 млн. теңге құрайтын 438,5 тонна молибден концентраты алынған.
Сонымен қатар, қазіргі күні СТХК-дағы орташа айлық ақы деңгейі 44 478 теңге құрайды.
Жалпы «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясының сенімді басқару мерзімі, яғни 3 жылы барысында Степногор тау-кен химиялық комбинатына «Қазатомөнеркәсіп» бағдарламасы бойынша өндірісті қазіргі заманауи техника және қондырғылармен қамтамасыз етіп, дүниежүзілік стандарттарға сай жаңғырту, сондай-ақ жаңа технологиялар мен ғылыми-зерттеушілік әзірлемелер енгізу үшін ауқымды инвестициялар құйылды. 2004-2006 жылдар аралығында СТХК-да 3 141 083 мың теңгені құрайтын қаржылық салымдар игерілген. Осы уақыт ішінде өндірістік кешен және Шаңтөбе кенішіндегі радиометрикалық байыту фабрикасы қайта құрылып, қалпына келтірілді. Тәжірибелік өнеркәсіптік желі технологиясы әзірленіп, монтаждалды. Онда әлемдік тәжірибеде тұңғыш рет молибден үштотығын алудың экологиялық таза технологиясы қолданылды. Күкірт-қышқыл зауыты іске қосылды. Шикізаттың ауысуына байланысты (бастапқы кезде зауыт күкірт колчеданымен жұмыс істейтін, қазір өндіріс кесек күкіртпен жүргізіледі) пештердің құрылымына тиесілі өзгерістер енгізілді. Кәсіпорын құрал-жабдықтарын күрделі жөндеу жұмыстарынан өткізу мақсатында үлкен жұмыс жасалды.
2007 жыл қорытындысы бойынша СТХК 2 029 929 мың теңге инвестициялық салымдар игеріледі деп күтілуде. «Жұлдызды» кенішінің Шығыс қоймаларының жоғарғы кеңістіктерінде қарқынды жұмыстар басталмақ. Гидрометаллургия зауытының аумағында аммиак суын әзірлеудің өзіндік учаскелерінің құрылысы басталды, сонымен қатар жылына 180 мың тонна қышқыл шығаратын өндірістік қуаттылыққа қол жеткізу мақсатында қүкірт-қышқыл өндірісін қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда.
Үстіміздегі жылдың қыркүйек айында «Степногор тау-кен химиялық комбинаты» ЖШС-нің «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК сенімді басқаруына өткеніне 3 жыл толды. Ол кездегі кәсіпорынның ахуалы басшылықтан табанды әрекеттер талап етті, өйткені комбинат банкроттық шегінде болатын.
Қазіргі күні, СТХК дамыту бағдарламасының енгізілуі арқасында уран өндірісі қалпына келтіріліп, молибден өндірісі бойынша жаңа қуаттылықтар құрылып, іске қосылды, бұдан басқа-да өндірістер аяқтандырылмақ. Сонымен қатар, кәсіпорын ағымдағы жылдың 9 ай қорытындысы бойынша тұрақты шығынсыз жұмыс тәртібіне шығып, айтарлықтай пайда тапты.
Ескертпе:
Степногор тау-кен химиялық комбинаты кен өндіруші және қайта өңдеуші кәсіпорындардың өндірістік кешені болып табылады. 2004 жылдың қыркүйек айынан бастап ол «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясының сенімді басқаруында. Қазіргі күні комбинатта 2948 адам (еншілес және тәуелді кәсіпорындарды есепке алмағанда) қызмет етеді.
