Степногор таукен-химия комбинатының күкіртқышқыл зауытының ашылуы туралы

11.09.2006

2006 жылдың 10 қыркүйегінде, «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясының (ҰАК) сенімді басқаруындағы Степногор таукен-химия комбинатының (СТХК) Күкіртқышқыл зауыты (КҚЗ) ашылды. Күкірт қышқылын өндіру жөніндегі қуаттарды арттыру уран саласында осы маңызды химиялық өнімнің қажеттілігінің өсуіне байланысты өте үлкен орын алып отыр.

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК жасаған уран өндіруді арттыру бойынша «2010 жылға қарай – 15 мың тонна уран» бағдарламасына сәйкес КҚЗ-да күкірт қышқылын өндіру де өсетін болады, өйткені уран өндіруді көбейту күкірт қышқылын тұтынудың көлемін де өсіреді.

«СТХК» ЖШС Күкіртқышқыл зауытында (КҚЗ) күкірт қышқылының жылдық өндірілуі 180 мың тонна деңгейінде болады деп күтілуде, кейінірек жылына 360 мың тоннаға дейін өсуі жоспарлануда. Күкіртті шикізат ретінде Қазақстан Республикасы шығаратын жай ғана күкірт өңделеді. Шикізаттың (күкірт жентегін) жөнелтуші «ТеңізШевройл» фирмасы (Атырау қ.).

КҚЗ өнімінің ассортименті мынадай:

1.      Н2SO4 қойыртпағы (техникалық);
2.      Олеум;
3.      Аккумуляторлық қышқыл.

КҚЗ өндірген күкірт қышқылын тұтынушылар:

1.      Осы өнім уран өндіру кезінде пайдаланатын «СТХК» ЖШС Гидрометаллургиялық зауытта;
2.      Үймелеп сілтілендіру үдерісінде қышқыл қолданылатын «СТХК» ЖШС–тің 1-кен басқармасында;
3.      Суды химиялық дайындау үшін күкірт қышқылы қолданылатын Степногор қаласының Жылу электр орталығында (ЖЭО).

КҚЗ қызметкерлерінің маңызды міндеті ғылым мен техниканың жаңа жетістіктерін пайдалану  арқылы, алдыңғы қатарлы жұмыс тәсілдері мен әдістерін енгізумен өндірісті барынша жетілдіру болып табылады.

Ескерту:

Күкірт қышқылы халық шаруашылығының әртүрлі саласында кең қолданылатын химиялық өнеркәсіптің негізгі өнімдерінің бірі болып табылады.

Күкірт қышқылы ең күшті әрі ең арзан қышқылдардың бірі. Ол уран, мұнай, металлургия, металл өңдеу, тоқыма және басқа өнеркәсіп салаларында қолданылады, суды алу және құрғату құралы ретінде пайдаланылады, бейтараптандыру, уландыру және басқа көптеген мақсатта қолданылады.

Есіңізге саламыз:

Степногор таукен-химия комбинаты 2004 жылдың қыркүйегінен бері «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясының сенімді басқаруында. Оның өзі таукен өндіруші және қайта өңдеуші кәсіпорындардың өндірістік кешені болып табылады.

Бұрын хабарланғандай, «Қазатомөнеркәсіп» бағдарламасына сәйкес 2010 жылға қарай комбинатта жылына 200 млн. АҚШ долларынан астам сомаға тауарлық өнім өндіруді қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін, Степногор таукен-химия комбинатының 2005-2007 жылдарда дамуына жалпы 180 млн. АҚШ долларының инвестициялануы жоспарлануда.

«Қазатомөнеркәсіп» компаниясы – уранды және басқа екі ұдай материалдарды экспорттау жөніндегі Қазақстанның ұлттық операторы. Компания акцияларының 100 % Қазақстан Республикасының Энергетика және минералды ресурстар министрлігі арқылы мемлекетке жатады. «Қазатомөнеркәсіп» қызметінің негізгі алты бағытын: геологиялық барлауды, уран өндіруді, металлургияны, энергетиканы, өндірісті және кадрларды қайта дайындауды ғылыммен қамтамасыз етуді, сондай-ақ әлеуметтік қамтамасыз етуді басқару бойынша өзін холдинг етіп көрсетеді. Бүгінде компанияда 20000  жуық адам жұмыс істейді. Компания әлемдегі жетекші уран өндірушілердің «үштігіне»  кіреді.


жаңалықтарға оралу