Таукен компаниясы 2010 жылдың ең озық кәсіпорыны атанды

20.05.2011

 
Еуропалық Бизнес Ассамблея (European Busines Assembly, Оксфорд, Ұлыбритания) 2010 жыл қорытындысы бойынша «Таукен компаниясы» ЖШС-ін (Қазатомөнеркәсіп Ұлттық атом компаниясының еншілес кәсіпорыны) ең озық кәсіпорын деп таныды. Таукен компаниясы Еуропалық Бизнес Ассамблея Координациялық орталығының бастамасымен Швейцариялық сапа стандарттары институтының «International Quality Sertificate» (SIQS) сертификатына ұсынылған болатын.  
 
«Озық кәсіпорын» Халықаралық құрмет марапатын Еуропалық Бизнес Ассамблея мінсіз іскерлік абырой және менеджмент жолындағы жетістік, компанияның өз саласындағы даму қарқыны үшін жыл сайын ұсынып отырады. Кәсіпорынды марапатқа ұсыну кезінде шетелдік серіктестердің ой-пікірі, ұлттық сапа рейтингі және кәсіби шеберлігі есепке алынады.  
 
SIQS сертификаты - бірегей ерекшелік белгісі, ол «ТКК» ЖШС-нің сапалы өнімінің халықаралық деңгейде танылғандығын куәландырады және тиесілі символиканы іскерлік құжаттарда, өнім орамасында, кез-келген жарнамалық мақсаттарда пайдалануға болады.
 
«Еуропалық қауымдастықтың ілтипаты – біздің кәсіби жетістіктеріміздің ең жоғары бағасы. Бұл беделді марапатпен өнімі мен қызметтерінің сапасы мін тудырмайтын, бәсекелестікке төзімді компаниялар ғана аталып өтіледі», - деп пікір бөлісті Таукен компаниясы Бас директорының қызметін атқарушы Александр Уваров.
 
Аталған сыйлықтың толық жиынтығы сертификат, диплом, медаль және ерен еңбекті бейнелейтін қолдың мүсіншесінен тұрады.
 
Естеріңізге сала кетейік, Таукен компаниясы бұған дейін «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры ұйымдастырған «Сенім-2010» байқауына қатысып, 2010 жылдың қорытындысы бойынша «Өңірлердегі үздік жұмыс беруші» марапатына ие болған.
 
 
European Busines Assembly – экономикалық және әлеуметтік жобаларды әзірлеу және енгізумен айналысатын тәуелсіз халықаралық корпорация. EBA заманауи тәжірибе және экономикалық дағдыны қалыптастыруға, мәдени және ғылыми байланыстар орнатуға, даму қарқыны жоғары аймақтар мен компаниялардың еуропалық және әлемдік іскерлік қаумдастық алдындағы жағымды бедел-бейнесін қалыптастыруға септігін тигізеді. Британдық бизнес одақ (British business alliance), Еуропалық нарықты зерттеу орталығы (European Market Research Centre -EMRC), Өнеркәсіпшілер мен кәсіпкерлердің халықаралық конгессі (the International Congress of Industrialists and Entrepreneurs - ICIE) сияқты көптеген танымал ұйымдар Еуропалық бизнес ассамблеяның стратегиялық серіктестері болып табылады.
ЕВА «Еуропалық сапа», «Еуропаның озық кәсіпорыны», «Сократ атындағы сыйлық», «Біріккен Еуропа», «Виктория Ханым атындағы марапат» іспетті көпшілікке танымал және халықаралық қауымдастықтың сенімін жаулаған беделді халықаралық марапаттардың ұйымдастырушысы.
www.ebaoxford.co.uk
 
  
«Таукен компаниясы» ЖШС – «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның 100% еншілес кәсіпорны. Басты міндеті – табиғи уран мен оның концентратын өндіру және шығару. Компания Қазатомөнеркәсіптің толық меншігіндегі кен орындарын игереді, сондай-ақ оның Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда және Ақмола облыстарындағы бірлескен кәсіпорындарындағы үлесін басқарады.
Жер қойнауын пайдалану келісім-шарттарына сәйкес компанияның уран өндіруші кәсіпорындар базасында құрылған елді мекендердегі әлеуметтік-экономикалық сипаттағы өмірлік маңызы бар нысандар мен әлеуметтік саланы қаржыландыру бойынша өз міндеттемелері бар.
«ТК» ЖШС-нің қызметкерлері саны 3,5 мың шамасында.
 www.grk.kz
 
«Таукен компнаиясы» ЖШС
Қоғаммен байланыс бөлімі
+7 /727/ 244 62 54
pr@kazatomprom.kz   
 
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ – Қазақстанның уран және оның қосындыларын, сирек металдар, атом электр стансаларына арналған ядролық отын, арнайы құрал-жабдықтар, технологиялар және екіұдай мақсаттағы материалдар экспортымен айналысатын ұлттық оператор. Компания қызметінің басты бағыттары геологиялық барлау, уран өндірісі, ядролық отын циклы өнімдерін өндіру, реактор жасау, АЭС құрылысы, конструкциялық материалдар өндірісі, энергетика, ғылыми зерттеу, әлеуметтік қамту және мамандар дайындау болып табылады.
Бүгінгі таңда компанияда 23000-нан астам адам еңбек етеді.
Қазатомөнеркәсіп әлемнің жетекші уран өндіруші компанияларының көшін бастап келеді.
www.kazatomprom.kz

жаңалықтарға оралу