Таукент ауылындағы мал сою және етті алғашқы қайта өндеу цехының ашылуы туралы (Оңтүстік-Қазақстан облысы, Созақ ауданы)
30.11.20072007 жылдың 30 қарашасында Таукент кентінде (ОҚО, Созақ ауданы) мал сою және етті алғашқы қайта өндеу цехы ашылды. Аталған жобаға құйылған қаржының жалпы сомасы 218 825 мың теңге құрады.
Ашылу рәсіміне Оңтүстік-Қазақстан облысының әкімі Нұрғали Әшімов пен «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компанияның Президенті Мұқтар Жәкішев қатысты.
Бұл цех, «NAWI» (Нидерланды) компаниясының жабдықтарын пайдалана отырып, жаңа технологиялар бойынша дайындалған. Өндіріс процессінде мал сою, ет бұзу және вакуумды бумалардағы жартылай фабрикаттар шығару қарастырылған. Мал дәрігерлік зертхананың жабдықтары оны еуропалық стандарт бойынша аттестациялауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ голландтық жабдықтар «малды ізгі жолмен сою» нормаларын қамтамасыз етеді, ол еттің сапасына да оң әсер етеді. Цехтың номиналдық қуаты – сағатына 5 бас, бірақ қажет жағдайда өнімділікті бірнеше есеге арттыруға болады. Жақын болашақта цех аумағында мынандай қайта өндейтін өндіріс орындарын салу жоспарлануда: сүйек үны , еттің жартылай фабрикаттары, жентек, тұшпара, шұжық өнімі, ысталған ет және т. б. Келешекте етті өткізу тәсілі дайындалған, ірі қайта өндеушілермен шарттар жасалған. Мал сою және етті алғашқы қайта өңдеу бойынша жаңа цех жергілікті тұрғындар үшін өткізудің жаңа нарығына шығуға мүмкіндік тудырады, ол ОҚО-дағы мал санын өсіруге жағдай жасайды.
Цех «Қазатомөнеркәсіп» өзі орналасқан аймақта шағын және орта бизнесті дамыту жөніндегі бағдарламасына сәйкес ашылды. «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясының 2005-2007 жж. Оңтүстік Қазақстан облысының әлеуметтік аясын дамытуға қосқан үлесі 4 750 000 000 теңгеден асып түседі.
Ескерту____________________________________________________________________________
- «Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК АҚ 2004 жылдың 27-қыркүйегінде әлеуметтік жобаларды басқаруға бағытталған – «Қазатомөнеркәсіп-Демеу» серіктестігі құрылды, оның қызметінің негізгі бағыттары: әлеуметтік инфрақұрылымды қалпына келтіру және дамыту, әлеуметтік бағдарламаға сәйкес уран өндіруші аймақтарда нысаналар құру және оларды қамсыздандыру, әрбір мемлекет экономикасының негізін құрайтын шағын және орта бизнесті дамыту. Бүгінгі күні «Қазатомөнеркәсіп» өзінің қызмет жасап отырған аймақтарында бірегей әлеуметтік бағдармаларды әзірлеп, өмірге әкелуде. «Қазатомөнеркәсіп-Демеу» Оңтүстік Қазақстан облысының 3 ауданында (Созақ, Отырар, Бәйдібек) және Қызылорда облысының 2 ауданында (Жаңақорған, Шиелі) әлеуметтік жобаларды іске асыру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Осында орналасқан кен орындары Қазақстандағы уран өндірісінің 90% қамтамасыз етеді. Әр ауданға жеке әлеуметтік бағдарлама әзірленген, ол толығымен Компания есебінен қаржыландырылады. Бағдарламалар денсаулықты сақтау, білім беру, мәдениет, спорт, демалу, жайластыру, көгаландыру, сондай-ақ шағын және орта бизнес сияқты негізгі бағыттарды қамтиды.
