Владимир Школьник «Ядролық қарусыз әлем» тақырыбымен өткен оқушылардың шығармалары мен суреттерінің республикалық байқауы жеңімпаздарына «iPad» планшеттерін табыс етті

11.10.2011

Астана

«Ядролық қарусыз әлем» тақырыбымен қыркүйектің 1-і мен 23-і аралығында өткен оқушылардың шығармалары мен суреттерінің республикалық байқауын Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Қазақстандағы Біріккен Ұлттар Ұйымының өкілдігімен, «Невада-Семей» Халықаралық антиядролық қозғалысының, Қазақстанның азаматтық альянсының, «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығының және «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясының қолдауымен ұйымдастырды.
 
Балалар шығармашылығының бұл байқауы 12-13 қазанда Астанада өтетін Ядролық қарусыз әлем үшін халықаралық форумы аясында өткізілді. Байқауға еліміздің барлық өңірлеріндегі балдырғандардан 420-дан астам жұмыс келіп түсті. Қазылар солардан арасынан алты жеңімпазды анықтады.
 
«Үздік шығарма» аталымында:
1-орын – Ақмарал Манапова, Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданы, Айнабұлақ аулындағы орта мектептің 9 «б» сыныбы оқушысы.
2-орын – Дінислам Бекқалиев, Алматы қаласындағы №32 мектептің 11 «в» сыныбы оқушысы.
3-орын – Жайнар Назымқызы, Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Қарауыл аулындағы орта мектептің 10 сынып оқушысы.
 
«Үздік сурет» аталымында:
1-орын – Санжар Бегайдаров, Тараз қаласындағы №43 орта мектептің 2 сынып оқушысы.
2-орын – Жанат Темірханов, Қостанай облысы, Жетіқара қаласындағы гимназияның 7 сынып оқушысы.
3-орын – Мұхтар Серіков, Қарағанды қаласындағы мектеп-лицейдің 8 сынып оқушысы.
 
Бүгін, яғни 11 қазанда болған сол байқаудың марапаттау рәсіміне Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Қайрат Омаров, Нагасаки қаласының мэрі Томихисо Тауэ, БҰҰ Резидент-үйлестірушісі – Қазақстандағы БҰҰ-ның Даму бағдарламасының тұрақты өкілі Стивен Тулл қатынасты. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Басқарма төрағасы Владимир Школьник байқау жеңімпаздарына «iPad» планшеттерін табыс етті. Сондай-ақ, жас қылқалам иелері ҚР Сыртқы істер министрлігінің Құрмет дипломдарымен марапатталды.

жаңалықтарға оралу