Үлбі металлургия зауыты «Парыз» байқауының лауреаты атанды

13.12.2011

Өскемен қ.


«Үлбі металлургиялық зауыты» акционерлік қоғамы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» байқауының «Үздік әлеуметтік жауапкершілікті кәсіпорын» аталымында лауреат атанды.
 
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен 9 желтоқсан күні Астанада өткен марапаттау рәсімінде «Парыздың» қола мүсіншесі «ҮМЗ» АҚ Басқарма төрағасы Юрий Шахворостовқа табыс етілді.
 
Әлеуметтік жауапкершілікті бизнес саясаты – ҮМЗ даму стратегиясының маңызды бір бөлшегі. «ҮМЗ» АҚ сол принциптерді ұстана отырып өз қызметкерлерінің, жергілікті халықтың және тұтас қоғамның әлеуметтік мәселелерін шешуге қатысады.
 
Үстіміздегі жылы ҮМЗ аймақ үшін маңызы үлкен А.Матросов атындағы балалардың сауықтыру лагерін қайта құру және «Балбөбек» балабақшасын салу сияқты жобаларды жүзеге асырды.
 
ҮМЗ көп жылдар бойы Өскемен қаласын көркейтуге өз үлесін қосып келеді. Биылғы тамыз айында кәсіпорын бастамасымен зауыт қаржысына орнатылған үш рет Социалистік Еңбек Ері, КСРО Орта машина жасау министрі, Өскеменнің Құрметті азаматы Е.П.Славскийдің ескерткіш-бюсті ашылды.
 
ҮМЗ көптеген әлеуметтік бағдарламаларды іске асыруға да қаржылай атсалысып келеді. Мәселен, «ULBA» Орталық мәдениет сарайы қайта құрылған соң өскемендіктер демалатын қазіргі заманғы мәдени орталыққа айналды. Зауыт қызметкерлері мен аймақ тұрғындары әр жылы жазда кәсіпорынның жайлы жабдықталған «Сибины» демалыс базасында тынығады. ҮМЗ-ның еншілес кәсіпорны «Улбьиночка» мектепке дейінгі мекеме» ЖШС-нің балабақшаларында тек зауыт қызметкерлерінің ғана емес, сонымен қатар облыс орталығы халқының да балалары тәрбиеленуде.
 
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларымен кепілденген еңбек нормасынан асқан жағдайдағы қосымша жеңілдіктер мен компенсациялық төлемдер кәсіпорында көптен бері қолданылып келе жатқан Ұжымдық шартпен бекітілген.
 
Кәсіпорында соңғы екі жылда зауыт қызметкерлеріне дәрігерлік қызмет көрсетуді реттейтін, сырқаттанған жағдайдағы ерікті дәрігерлік сақтандыру туралы шарт жұмыс істеп тұр. Зауыт қызметкерлеріне заманауи жабдықтармен жабдықталған және жоғары білікті мамандарға ие клиникаларда сапалы дәрігерлік қызмет көрсетіледі. Бүгінде «ҮМЗ» АҚ - өз қызметкерлерін ерікті дәрігерлік сақтандыру бағдарламасына қатыстырып отырған Өскемендегі ірі өнеркәсіптік орындары арасындағы жалғыз кәсіпорын саналады.
 
«ҮМЗ» АҚ Өскемен қаласындағы мамандандырылған Балалар үйіне және Өскеменнің мектепке дейінгі балалар үйіне тұрақты түрде демеушілік көрсетеді. Сондай-ақ ардагерлер мен мүгедектер ұйымдары да қаржылай көмек алады, тұрғындардың аз қамтылған тобына адрестік көмек ұсынылады. Бір ғана былтырдың өзінде «ҮМЗ» АҚ қайырымдылық мақсаттарға 400 миллион теңгеден астам қаржы бөлді.
 
Жыл сайын 10 миллионнан астам теңге зауыт қызметкерлері арасында бұқаралық спорттық іс-шаралар ұйымдастыруға және спорт-сауықтыру топтарын қаржыландыруға жұмсалады.
 
«Үлбі металлургия зауыты» акционерлік қоғамы бүгінде дамыған елдердің талайында қабылданған корпоративті әлеуметтік жауапкершілік принциптерін толығымен қолдап, өз қызметінде олардың бұлжытпай орындалауын қадағалап отырады.
 
Анықтама
Мемлекет басшысының бастамасымен Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» байқауы 2008 жылдан бастап өткізіліп келеді. 2011 жылы байқау төрт аталым бойынша ұйымдастырылды: «Үздік ұжымдық шарт», «Жылдың үздік әлеуметтік жобасы», «Үздік әлеуметтік-жауапкершілікті кәсіпорын» және «Экологияға қосқан үлесі үшін».
Байқаудың мақсаты – жеке кәсіпкерлік субъектілерінің тұрғындардың әл-ауқатын одан әрі жақсарту үшін қоғам алдындағы өз корпоративті әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастыру және оны ұдайы көтеру, сондай-ақ бұл саладағы жинақталған оң тәжірибелерді көрсету және кеңінен тарату.
 
«Үлбі металлургия зауыты» АҚ – атом электр стансалары үшін уран диоксидынан отын таблеткаларын және құрамында бериллий, тантал мен ниобий бар өнімдерді шығарушы ретінде танылған әлемдік көшбасшылардың бірі. Кәсіпорын «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясының құрамына енеді.
www.ulba.kz

«ҮМЗ» АҚ Баспасөз қызметі
 

жаңалықтарға оралу