ҮМЗ-дегі оқыс жағдай туралы ақпараттық хабарлама

22.06.2011
Өскемен қ.
 
2011 жылғы 22 маусым күні сағат 7-ден 45 минут өткенде "Үлбі металлургия зауыты" (ҮМЗ) акционерлік қоғамында оқыс оқиға орын алды. Алайда оның қоршаған ортаға зиянды заттар төгілгендей қауіпті салдары болған жоқ.

Мыс лигатуралары әзірленетін учаскеде металды балқыту барысында аздаған мөлшердегі балқытпа балқыту желісінің сыртына шығып кеткен. Жоғары температураның салдарынан пешті сумен салқындататын жүйенің резеңке шлангы зақымданып, ауаға түтінді бу көтерілген. Шлангтен төгілген су балқытпаны мұздатып, буды қоюлата түсті.
 
Металлургтердің шақыруымен шұғыл жеткен өрт сөндірушілер өрттің тұтануына әкеп соқтырмаған оқыс өндірістік жағдайдың орын алғанын анықтады.

Оқыс оқиға салдарынан дерліктей ғимарат та, учаскедегі негізгі жабдықтар да зиян шеккен емес. Материалдық шығын да жоққа тән. Қазіргі кезде технологиялық қызметтер оқиғаның шығу себептерін дәл анықтауға кірісіп, пешті жаңа балқыту жұмыстарына дайындап жатыр.


«Үлбі металлургия зауыты» АҚ – атом электр стансалары үшін уран диоксидынан отын таблеткаларын және құрамында бериллий, тантал мен ниобий бар өнімдерді шығарушы ретінде танылған әлемдік көшбасшылардың бірі. Кәсіпорын «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясының құрамына енеді.
www.ulba.kz
 
«ҮМЗ» АҚ Баспасөз қызметі
+8(3272)29-84-12
 
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ – Қазақстанның уран және оның қосындыларын, сирек металдар, атом электр стансаларына арналған ядролық отын, арнайы құрал-жабдықтар, технологиялар және екіұдай мақсаттағы материалдар экспортымен айналысатын ұлттық оператор. Компания қызметінің басты бағыттары геологиялық барлау, уран өндірісі, ядролық отын циклы өнімдерін өндіру, реактор жасау, АЭС құрылысы, конструкциялық материалдар өндірісі, энергетика, ғылыми зерттеу, әлеуметтік қамту және мамандар дайындау болып табылады. Бүгінгі таңда компанияда 23 000 астам адам еңбек етеді. Қазатомөнеркәсіп әлемнің жетекші уран өндіруші компанияларының көшін бастап келеді.
www.kazatomprom.kz
 
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ
Қоғаммен байланыс бөлімі
+7 /727/ 244 62 54
pr@kazatomprom.kz   

жаңалықтарға оралу