Жас мамандар мен ғалымдардың «Қазақстан мен орталық азия елдерінің атом өнеркәсібі кәсіпорындары үшін жаңа білім, инновациялық жобалар және зерттеу бағдарламалары» жазғы мектебін өткізу туралы

30.05.2005

БАСПАСӨЗ БАЯНЫ

ЖАС МАМАНДАР МЕН ҒАЛЫМДАРДЫҢ «ҚАЗАҚСТАН МЕН ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ЕЛДЕРІНІҢ АТОМ ӨНЕРКӘСІБІ КӘСІПОРЫНДАРЫ ҮШІН ЖАҢА БІЛІМ, ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР ЖӘНЕ ЗЕРТТЕУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ» ЖАЗҒЫ МЕКТЕБІН ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ

 2005 жылғы 31 мамыр - 10 маусым күндері аралығында Алматыда «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясы (ҰАК) ұйымдастыруымен жас мамандар мен ғалымдарға арналған «Қазақстан мен Орталық Азия елдерінің атом өнеркәсібі кәсіпорындары үшін жаңа білім, инновациялық жобалар және зерттеу бағдарламалары» жазғы мектебі жұмыс істейді.

 “Жазғы мектептің” жұмысы Ұлттық компанияның қызметкерлер дайындауды, атом өнеркәсібін жоғары  білікті мамандармен қамтамасыз етуді және ғылымды дамытуды көздейтін жалпы стратегиясы аясында өткізіледі. Аталмыш шара салаға жас мамандарды көптеп тарту және олардың инновациялық шығармашылық белсенділігін ынталандыруға бағытталған.

 “Жазғы мектеп” маңызды технологиялық және экологиялық проблемалар бойынша компания ғалымдары мен жас мамандарының ғылыми-техникалық біліктілігін арттыруды; Қазақстандағы және шетелдік салалық университеттер мен ғылыми мекемелердің өзара ынтымақтастығын күшейтуді; «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК түрлі кәсіпорындарда еңбек ететін мамандардың арасында білім, тәжірибе және ақпарат алмасуды өз алдына мақсат етіп белгілеген. Бұл жолы Ұлттық атом компаниясының түрлі еншілес және біріккен кәсіпорындарынан келген 50-ден астам жас мамандар дәріс алады.

 «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК “жазғы мектебінде” әлемдік ядролық-отын циклындағы негізгі поблемалардың барлығы дерлік қамтылумен қатар, компания кәсіпорындарының инновациялық даму аспектілеріне да басымдылық беріледі.

 Осының бәрін ортаға салар оқытушылар құрамы да осал емес. Лекциялар оқуға Ливермор ұлттық зертханасы (АҚШ), Рентген оптикасы институты (Ресей), Вернадский атындағы Ресей ғылым академиясының Геохимия институтының көрнекті ғалымдары, Қазақстанның Атом энергетикасы жөніндегі агенттігі, Қазақстан Республикасының Ұлттық инновациялық қоры, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК холдингі мен кәсіпорындары жетекшілері шақырылған.

Лекциялардан тыс түрлі тренингтер, дөңгелек столдар сияқты басқа да іс-шаралар жоспарланып отыр. Алдағы уақытта “жазғы мектепті” жыл сайын тұрақты түрде ұйымдастыру көзделген.


жаңалықтарға оралу