Жазғы мектеп-2008 өткені туралы
05.06.20082008 жылғы 5 маусым күні Алматы маңындағы «Табаған» спорт-сауықтыру кешенінде «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясының қызметкерлері мен ғалымдары үшін IV Жазғы мектеп аяқталды. Оған алғаш рет холдингке қарасты еншілес және біріккен кәсіпорындардың өкілдері қатысты.
«Қызметті жетілдіру үшін жаңа білім мен басқару дағдылары» бағдарламасы бойынша атом саласының 95 маманы он күн бойы дәріс алды. Жазғы мектеп «Қазақстанның ядролық университеті» («Қазатомөнеркәсіп» ҰАК еншілес кәсіпорны) жыл сайын өткізетін шара болып, Қысқы мектеппен бірге қызметкерлердің білім деңгейін көтеріп қана қоймай, олардың жеке қарым-қатынастары арқылы кәсіпорындар арасындағы байланысты нығайтуға қызмет етеді.
«Мейлінше танымдық тұрғыдағы арнайы білімге ие болумен қатар Жазғы мектеп сондай-ақ компаниямыздың қандай екені, ол қайда және қалай дамып келе жатқаны туралы жалпылама мағлұмат беретін шолу лекцияларын өткізуді де көздеген. Сонымен бірге Жазғы мектептің басты міндеттерінің бірі – жеке қарым-қатынастарды орнату болып табылады», - деп атап көрсетті Жазғы мектептің тұрақты лекторларының бірі, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК вице-президенті Сергей Яшин.
Биыл оқытушы ретінде ресейлік танымал ғылымдар: профессор, СПбМТУ проректоры А.А. Копырин; профессор, УМТУ-УПИ физика-техникалық факультеті деканы В.Н. Рычков; РХТУ профессоры В.И. Панфилов, сондай-ақ «Қазатомөнеркәсіп» холдингі құрылымындағы кәсіпорындардың басшылары шақырылды.
Жазғы мектеп-2008 оқу сабақтары аясында Қазақстанда ядролық-отын циклының жетпейтін буындарын жасаудың болашағы, уран өндіру саласының одан әрі дамуы, атом энергетикасында инновациялық технологияны қолдану, уран өнімдері рыногын маркетингті зерттеу т.с.с. мәселелер қаралды.
Сондай-ақ, командалық рухты жұмылдыру, көшбасшылық қасиетті дамыту, уақытты, күйзелісті және эмоцияны басқару бойынша тренинг сабақтары мен түрлі спорттық іс-шаралар ұйымдастырылды. Қалыптасқан дәстүрге сәйкес, Жазғы мектеп Қазатомөнеркәсіптің жас ғалымдарының зерттеу және инновациялық жобалары байқауының қорытындысын шығарумен, жеңімпаздарды марапаттаумен аяқталды.
Ескертпе
«Қазатомөнеркәсіп» - Қазақстанның уран және оның қосындыларын, сирек металлдар, атом энергетика стансаларына арналған ядролық отын, арнайы құрал-жабдықтар және технологиялар экспортымен айналысатын ұлттық оператор. Компания акцияларының 100% ҚР Энергетика және минералды ресурстар министрлігіне, яғни, мемлекетке тиесілі. Компания геологиялық барлау, уран өндірісі, металлургия, энергетика, өндірісті ғылыми тұрғыда қамтамасыз ету және мамандар дайындау, сонымен қатар әлеуметтік қамсыздандыру сияқты алты негізгі бағытты басқаратын холдинг. Қазіргі күні компанияда 25 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Қазатомөнеркәсіп әлемнің алдыңғы қатарлы уран өндіруші компанияларының үштігіне кіреді.
