«Атом стансалары» Қазақстан-Ресей компаниясы

«Атом стансалары» Қазақстан-Ресей компаниясы» АҚ ВБЭР-300 атом реакторын салу, оны әлемдік рынокқа алып шығу құқы бар жобалық және техникалық құжаттардың иесі болып табылады. Акционерлік қоғам 2006 жылғы қазанда құрылған, құрылтайшылары «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ мен «Атомқұрылысэкспорт» ЖАҚ. АСҚРК-тың алдына қойылған мақсаттардың бірі - атом энергоблоктары мен стансаларының инновациялық жобаларын жасау және жүзеге асыру жолымен елдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
 
Басты жұмыс бағыттары:

- атом энергоблоктары мен атом стансаларының жобалық және техникалық құжаттарын жасау;

- Қазақстанда, Ресейде, сондай-ақ басқа да елдерде атом электр стансаларын жобалау, салу, іске қосу, жаңарту, сервистік қызмет көрсету және қолданыстан шығару, сол сияқты тапсырыс беруші елдегі АЭС ғимараты алаңында құрылыс-монтаж және қосу-жөндеу жұмыстарын атқару үшін жабдықтарды жеткізіп беруді қамтамасыз ету;

- тапсырыс беруші елдегі АЭС-тің өмір циклын сүйемелдеуге қызмет көрсету;

- тапсырыс беруші елдегі АЭС-те қызмет ететін қызметкерлерді оқыту;

- инжиниринг қызметі;
- инвестициялық қызмет;
- инновациялық қызмет;
- сыртқы экономикалық қызмет;

- атом энергиясын тұтынатын нысандарға қатысты басқа да жұмыстарды орындау, қызмет көрсету.

«Атом стансалары» Қазақстан-Ресей компаниясы» АҚ бас директоры - Андропенков Сергей Анатольевич.

 
Байланыс үшін ақпарат:
Қазақстан Республикасы,
Алматы қ.,
Бөгенбай батыр көшесі, 168.
Тел.:   + 7 /727/ 2664529,
Факс:  + 7 /727/ 2663870
e-mail: as@atomicstations.kz