«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның Ішкі аудит қызметі туралы

 

Ішкі аудит қызметі тікелей «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның Директорлар кеңесіне бағынатын және оның алдында есеп беретін орган болып табылады. Ішкі аудит қызметінің жұмысына «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Директорлар кеңесінің Аудит жөніндегі комитеті жетекшілік етеді.
 
Ішкі аудит қызметі атқаратын жұмыстың негізгі мақсатына «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның Директорлар кеңесіне «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» акционерлік қоғамын тиімді басқаруды қамтамасыз ету үшін тәуекелдерді басқару, ішкі бақылау және корпоративті басқару жүйелерін жетілдіруге жүйелі түрде жандасу жолымен тәуелсіз және шынай ақпарат ұсыну жатады.
 
Ішкі аудит қызметі өз жұмысын регламенттейтін ішкі саясаттарды, әдістемелер мен рәсімдерді ұдайы жетілдіру және қолданысқа енгізу бойынша жүйелі түрде жұмыстар жүргізіп отырады.
 
Ішкі аудит қызметінің жылдық аудиторлық жоспарын әзірлеу барысында бағдарланған тәуекел қолданылады.
 
Ішкі аудит қызметінің басты капиталы – қызметкерлердің білімі, дағдылары, тәжірибелері, кәсіби біліктілігі және креативтілігі.
 
Ішкі аудит қызметінің қызметкерлері өзін-өзі жетілдіру және кәсіби білік деңгейін көтеру үшін, сондай-ақ ішкі аудиттың стандарттары, рәсімдері мен әдістемелері саласындағы ағымдағы оқиғалардан хабардар болу үшін үнемі білімдерін толықтырып жүреді.
 
Ішкі аудит қызметінің қызметкерлері тиісті кәсіби сертификаттар мен мамандықтар алу жолымен өз кәсіби шеберліктерін аңғартады.