Қаратау

«Қаратау» ЖШС 2005 жылғы 27 мамырда Оңтүстік Қазақстан облысында орналасқан «Буденовское» уран кен орнының №2 учаскесін игеру мақсатында құрылған. Кәсіпорын «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ «2010 жылға қарай – 15000 тонна уран» стратегиясын жүзеге асыру аясында жерасты ұңғымалы шаймалау әдісімен уран өндіреді.

2006 жылға қарай «Қаратау» ЖШС вахталық қалашық пен уран өңдейтін зауыт құрылысын аяқтады.

2006 жылы технологиялық блоктарды тотықтыру технологиясы іске қосылды.

2007 жылы тауарлы десорбат шығаратын өнімді қойыртпақты қайта өңдейтін өндірістік желі пайдалануға берілді.

2009 жылы «Қаратау» ЖШС аффинаждау зауытын салып, іске қосуды жоспарлаған.

Кәсіпорын қызметкерлеріне көрсетілер әлеуметтік қорғау және жеңілдіктерден «Қаратау» ЖШС құрылымдық бөлімшелеріндегілердің барлығы бірдей пайдаланады. Қызметкерлер құрметті демалысқа, жасына қарай зейнет демалысына шығуына, сондай-ақ мерейтойлық даталарға, кәсіби мерекелерге байланысты ынталандырылып, сыйлықтар жасалады.

«Қаратау» ЖШС бас директорының міндетін атқарушы Сатыбалдин Генаят Қабидуллаұлы.

 
Байланыс үшін ақпарат:

Қазақстан Республикасы
Алматы қ.,
Максимов көшесі, 11
Тел./факс 330-29-92