Қазақстан республикасы атом өнеркәсібінің тарихы
Хронология
Зауыт 2а (кейінірек Үлбі металлургия зауыты) алғашқы өнімін (торий оксалаты) шығарды.
Қазақстандағы алғашқы Қордай уран кен орны ашылды.
Ядролық физика саласындағы физикалық және қолданбалы ғылыми зерттеулерді дамыту және атом энергиясын халық шаруашылығының түрлі салаларында қолдану қажеттігіне, сондай-ақ жоғары білікті мамандар дайындау үшін ҚазКСР ҒА Физика-техникалық институты негізінде ҚазКСР ҒА Ядролық физика институты (ЯФИ) құрылды.
«Волковгеология», «Краснохолмскгеология», «Степгеология», «Кольцовскгеология» геологиялық бірлестіктерінің күшімен Целинный (кейінірек «ЦТХК»), Каспиймаңы («Каскор») және Қара-Балта («ҚТХК») қайта өңдеу комбинаттарының тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ететін Қазақстан аумағындағы уранның минералды-шикізат базасын жасаудың бірінші кезеңі аяқталды.
«Луч» ғылыми-өндірістік бірлестігі жанынан қысқа мерзім ішінде Семей ядролық полигоны аумағында ИГР зерттеу реакторы салынды. Бұл 1961 жылы импульсты реакторлардың динамикасын тәжірибелік зерттеуге, ал 1962 жылдан бастап перспективалық реакторлық қондырғылардың, мұның ішінде ядролық реакторлы двигательдің отын және құрылмалы материалдарының жайын зерттеуге кірісуге мүмкіндік берді. ИГР зерттеу реакторы – гомогенді уран-графитты белсенді аймаққа ие жылусыйымдылығы бар типтегі жылы нейтронды импульстық реактор. Әлемдегі көне зерттеу реакторларының бірі саналатын ол бүгінде де қуатты өзгертудің жоғары динамикасымен ерекшеленетін нейтронды және гамма сәулеленудің бірегей көзі болып табылады.
Алатау кентіндегі (Алматының оңтүстігіне қарай 20 шақырым) Ядролық физика институты жанынан ВВР-К зерттеу атом реакторы қолданысқа енгізілді. Реактор базасында іргелі ядролық-физикалық және материалтанушы зерттеулер мен ішкіреакторлық сынақтармен қатар медициналық радиоизотоптар мен гамма-көздер, кремнийді нейтронды легираттау өндірісі, нейтронды-активтендіру сараптамасы бойынша жұмыстар жүргізілді. Аз байытылған уранды қолдану үшін белсенді аймақты жетілдіру мүмкіндіктері қарастырылды.
Жер асты шаймалау әдісімен уран өндіруге жарамды Ыңғай, Мыңқұдық, Мойынқұм, Қанжуған, Солтүстік және Оңтүстік Қарамұрын, т.б. бірегей кен орындары табылды.
Ақтау қаласында әлемдегі ең алғашқы жылдам нейтрондағы БН-350 тәжірибелік-өнеркәсіптік реакторы іске қосылды. Ол Маңғышлақ энергокомбинатының (МАЭК) бір бөлігіне айналды. БН-350 реакторы коммерциялық қуат көзі ретінде 25 жылдан астам уақыт сәтті жұмыс істеп, Маңғышлақ сияқты ірі мұнай-газды аймақты сумен, жарықпен және жылумен үздіксіз қамтамасыз етті. Қазіргі кезде реактор қолданыстан шығарылуда.
Семей ядролық полигоны аумағында тағы бір зерттеу реакторы – ИВГ-1 іске қосылды. Ол жылу бөлгіш құрамалар мен жоғары температурадығы газбен суытылатын реакторлардың, соның ішінде ядролық зымыран двигательдер реакторы мен ядролық энергия двигательді қондырғылардың белсенді аймағын сынауға қолданылды.
Қазақстанда уран өнімдерін шығару ең жоғары көлемге жетті. Уран дерліктей 30 кен орyында өндірілді. Атом өнеркәсібі кәсіпорындарында еңбек ететін қызметкерлердің саны 70 мыңнан асты.
РА зерттеу реакторы ЯРД стендтті түп тұлға – ИРГИТ реакторы негізінде жасалды. 1997 жылға дейін реакторда түрлі зерттеулер жүргізіліп, 1998 жылы үкіметаралық келісімдерге сәйкес реактордағы отын алынып, Ресейге әкетілді. Реактордың барлық жүйесі қазір де жұмыс істейтіндей жағдайда. Белсенді аймақты жинақтау үшін жаңа ЖБҚ дайындағанда реакторды қолдануды қайта бастаудың мүмкіндігі бар.
Сала дағдарысы. Өндіріс 25-30%-ға құлдырады. АҚШ-тың «Три-Майл Айленд» және КСРО-ның Чернобыль АЭС-теріндегі апаттарға байланысты әлемде жаңа реакторлар құрылысы жоспары қайта қаралуына және қарусыздану саясаты басталуына байланысты қажетсіз болып қалған уранның үлкен қоры рынокқа шығарылды.
Әрекеттегі атом стансаларының қуаты 40%-ға төмендетілді. Ядролық қару шығаратын зауыттар қайта ұйымдастырулар басталды. Нәтижеде атом өнеркәсібі бірінші рет уранды артық өндіру проблемасына кезікті.
U308 өндірісі көлемі 90-жылдар басындағы 8,0 миллион фунттан 1997 жылғы 2,0 миллионға төмендеді. Дүние жүзінде көптеген уран өндіруші компаниялар өз қызметін тоқтатты.
Республика тәуелсіздігіне қол жеткізген соң Қазақстан аумағында орналасқан атом өнеркәсібінің барлық кәсіпорындары Республика Үкіметінің қарауына өткізілді. Саланың дағдарысы жалғаса берді.
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Семей ядролық сынақ полигонын жабу туралы» Жарлыққа қол қойды.
Корпорация Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің қаулысымен «КАТЭП» Ұлттық акционерлік компаниясы болып өзгертілді.
Республика Жоғарғы Кеңесінің қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасы Ядролық қаруды таратпау жөніндегі келісімге қосылды. Ядролық қорлар мен сынақ полигондары жойылды.
Ядролық қаруды таратпау жөніндегі келісімге байланысты кепілдікті қолдану туралы Қазақстан және Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік (МАГАТЭ) арасындағы келісімге қол қойылды.
