Қазатомөнеркәсіп бүгін

«Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясы уран, сирек металдар, атом энергетикалық стансалары үшін ядролық отын, арнайы жабдықтар, технологиялар және екіұдай мақсаттағы материалдардың импорты мен экспорты бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық операторы болып табылады.
Компанияның 100% акциясы «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры атынан мемлекетке тиесілі.
«Қазатомөнеркәсіп» өз жұмысының басты жеті бағытын басқаратын холдинг түрінде құрылған:
  • геологиялық барлау, уран өндіру; 
  • ядролық отын циклы өнімдерін шығару;
  • реакторжасау, атом электр стансалары;
  • түрлі-түсті металлургия және құрылымдық материалдар өндірісі;
  • энергетика;
  • ғылым;
  • әлеуметтік қамтамасыз ету және мамандар әзірлеу.
Бүгінгі таңда компанияда 25 000-нан астам еңбек етеді.
          
«Қазатомөнеркәсіп» мақсаткерлігі
         
Мемлекеттің ішкі және сыртқы рынокта бәсекеге қабілетті индустриалды кешенін қалыптастыруға бағытталған Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік-технологиялық саясатын жүргізу.
         
Әлемдік атом энергетикасы рыногында маңызды шептерді иелейтін тігінен интеграцияланған трансұлттық компанияға айналу.
          
Атом стансаларын жобалауға қатысу.
        
Сирек және сирекжер металдар негізінде ғылымды қажетсінетін технологияларды дамыту.
           
Стратегиясы
        
Біз клиентке өнім мен қызмет түрлерін таңдауда барынша мол мүмкіндіктер ұсынамыз. Бұл үшін өндірістің жоғары мәдениеті дәстүрлерін қарқынды дамытуға және ғылым, техника және басқарудың соңғы жетістіктерін қолдануға ұмтыламыз.
          
Ядролық отын циклын дамыту стратегиясы
       
Дүние жүзілік «ядролық ренессансты» дамытуды қолдау мақсатымен кең ауқымдағы халықаралық ынтымақтастық тұжырымдамасына сүйене отырып Қазатомөнеркәсіп уран өндіруден бастап ядролық отын шығаруға және қуат көздерінің құрылысына дейінгі қызметтің толық жиынтығына ие тігінен интеграцияланған жетекші трансұлттық компания болуды өз алдына мақсат етіп қояды.
        
Толығырақ
     
Бериллий өндірісін дамыту стратегиясы
         
Бериллий өндірісін дамыту стратегиясы ғылымды қажетсінетін технологиялар базасында қосымша құны барынша жоғары бәсекеге қабілетті өнімдер шығаруды ұйымдастыруға бағытталған. Осы мақсатта бірқатар жоғары технологиялық инновациялық жобалар жүзеге асырылып келеді:
   
ҚХР қатысуымен құрылған біріккен кәсіпорын аясында бериллийлі қоладан жасалған жалпақ прокат шығару.
          
«ИТЭР» термоядролық реакторын жасау бойынша халықаралық жобаға қатысу.
 
Толығырақ
 
Тантал өндірісін дамыту стратегиясы
 
Қазатомөнеркәсіп жоғары технологиялық тантал өнімдері өндірісін жасау жөніндегі стратегияны жүзеге асыруда, ал оның аясында өндірісті тантал шикізатымен қамтамасыз ету бойынша стратегиялық бағдарламаны жүзеге асыру жоспарланған.
        
Жаңа буындағы конденсаторлар өндірісіне арналған тантал негізінде жиынтықтаушы бұйымдар өндірісінің технологиясын әзірлеу және жасау:
  • Мол сыйымдылықтағы тантал ұнтақтарын шығару;
  • Прокат, сым және нысана өндірісі.
Конденсатор зауытының құрылысы.
 
Толығырақ