Қызылту
«Қызылту» ЖШС мыс концентраты мен молибденнің өнеркәсіптік өнімін өндіру мақсатында құрылған. Кәсіпорын Ақмола облысы Ерейментау ауданындағы «Қызылту» кен орнын барлауға берілген келісім негізінде жұмыс жүргізеді.
2006-2008 жылдар аралығында төмендегідей жұмыс түрлері атқарылды:
- геологиялық барлау жұмыстары;
- жобалау жұмыстары және энергиямен жабдықтау нысандарының құрылысы аяқталды;
- кен орны төңірегіндегі айналма темір жол құрылысы жүріп жатыр;
- вахталық қалашық құрылысы басталды.
2 млн. тоннаға дейінгі кенді қайта өңдейтін өнеркәсіптік жобаға шығу 2013 жылға межеленген.
«Қызылту» ЖШС өзінің әлеуметтік қызметін аймақтың әлеуметтік саласын қолдау мен дамытуға жыл сайын 30 мың доллар көлемінде қаржы бөлінетінін белгілеген келісім аясында жүргізуде. Кәсіпорын сол негізде Бестоғай орта мектебі мен Байсарин мәдениет үйінің жылу жүйелерін жөндеуді қаржыландырып, сондай-ақ Ерейментау балалар үйі мен Ерейментау мәдениет үйіне арнап жиһаздар мен жабдықтар сатып әперді.
