Үлбі металлургия зауыты

«Үлбі металлургия зауыты» акционерлік қоғамы атом энергетикасы, электронды, аэроғарыштық, металлургиялық өнеркәсіптер және қызметтің басқа да салаларының қажеттіліктеріне арнап жоғары технологиялық уран, бериллий, тантал өнімдерін шығарады.

«ҮМЗ» АҚ өз қызметін тұтынушылардың, қызметкерлердің, акционерлердің және тұтас қоғамның ұзақ мерзімді шынайы мүдделілігіне бағыттай отырып, уран, бериллий, тантал өнімдерін шығарушы әлемдік өндірісшілердің арасында алғы шепті иелеуге ұмтылады.

«ҮМЗ» АҚ қызметіне қатысты қосымша ақпаратты кәсіпорынның www.ulba.kz сайтынан алуыңызға болады.