1997 - 1998 жж.

1997 жыл
Сала дағдарысы
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 1997 жылғы 14 шілдеде «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясы құрылды. Қазатомөнеркәсіп құрамына «Волковгеология» геологиялық барлау компаниясы, үш кен басқармалары (Степное, Центральное, №6) және Үлбі металлургия зауыты енгізілді.

Осы кезеңде атом саласында мынадай проблемалар туындады:

  • Дәстүрлі өнім өткізу рыногын жоғалып, соған байланысты өндіріс көлемі төмендетілді, тиісінше өнім өндірудің өзіндік құны екі есеге дерлік артты;
  • Негізгі өндірістік қорлар моральдық және физикалық тұрғыдан тозды;
  • Еңбекке ақы төлеудің 6 айлық берешегі, банктер мен шетелдік фирмалар алдындағы қарыз, бюджеттік және бюджеттен тыс төлемдер бойынша берешік, барлық мүлік кепілдікке қойылды;
  • Демпингке қарсы үдеріске байланысты қазақстандық уранды АҚШ-та сатуға тыйым салынды;
  • Еуропаның өз квота жүйесі болды;
  • Рубльдің құлдырауына байланысты ядролық реакторларға арналған таблеткаларға болған ресейлік тапсырыстың қысқару қаупі төнді, өйткені Қазатомөнеркәсіп ұсынатын қызметтер долларлық эквивалентте белгіленгендіктен ресейлік кәсіпорындардың осындай қызметімен салыстырғанда үш есе қымбат еді. Соның өзінде тапсырыс көлемінің 25% ақшамен, қалғаны нарықтағы бағасы номиналдағысының үштен бірін құрайтын вексельдермен төленетін;
  • бериллий және тантал өндірістері тоқтатылды;
  • білікті мамандардың сыртқа ағылуы байқалды.

1998 жыл
Дағдарыстан шығу бағдарламасы
Атом саласы кәсіпорындарын дағдарыстан шығару стратегиясы жасалып, бір-бірімен өзара байланысты мына міндеттер оған негіз болды:

  • өндірістік қуаттарды оптимальды жүктеуге дейінгі мөлшерде өндіріс көлемін ұлғайту;
  • тендерлік механизмдерді енгізу, нормалау және шаруашылық есептегі ынталандыру жолымен шығындарды бақылау жүйесін жасау;
  • өнім сапасын арттыру;
  • үзілген байланыстарды қалпына келтіру;
  • өнім өткізу рыногын кеңейту;
  • жаңа технологияларды енгізу және ескірген өндірістік қорларды жаңарту;
  • еңбекке ақы төлеу мен бастамашылдығы және ресурстарды үнемдегені үшін қызметкерлерді ынталандыру жүйесін өзгерту.