1999 - 2000 жж.

Дағдарысқа қарсы бағдарламаны жүзеге асыру

1999 жылғы бүкіл әлемдік қаржы дағдарысы тұсында Компания немістің Westl B (Вэстлби) банкінен алғашқы несие желісін ашуға қол жеткізді. Бұл Қазатомөнеркәсіптің несиелік портфелін қайта қарауға, қазақстандық банктер алдындағы қарызын өтеуге, өсім ставкасын 2,2 есеге төмендетуге мүмкіндік берді. Кепілдегі барлық активтер босатылды. Өндірісті ырғақты, жоспарлы түрде қаржыландыруға қол жетті.

1999 жылдың соңында ҮМЗ-де тантал өндірісі іске қосылды.

1999 жылы Қазақстан АҚШ-та демпингке қарсы процесте жеңіске жетті.
 
2000 жылы Компания қазақстандық уранды АҚШ пен Еуропада сатуға қойылған шектеуді толық алып тастауға қол жеткізді. Нәтижеде табиғи уранды экспорттаудың географиясы кеңейе түсті.
 
2000 жылдың өзінде Қазатомөнеркәсіп табиғи уран өндірісі бойынша әлемде 1997 жылғы 13 орыннан 6-шы орынға көтерілді.
   
1999 жылы отын таблеткаларын шығару бойынша Ресейдің Атом министрлігімен ұзақ мерзімді келісім жасап, Украинаның реакторларын отынмен қамтамасыз ететін украин-қазақстан-ресей кәсіпорны құрылды. Бұл «ҮМЗ» АҚ-да ресейлік дизайндағы реакторлар үшін ядролық отын өндірісін сақтап қалуға мүмкіндік берді.
  
Үлбі металлургия зауытында жанып кетуші жұтқыштары бар уран-эрбий және уран-гадолин отын таблеткаларын шығаратын технология жасалып, өндіріске енгізілді, реакторға дейінгі отын циклындағы скраптарды қайта өңдейтін участок жұмыс бастады.
  
2000 жылы ҮМЗ керамикалық сұрыптағы уран диоксиды ұнтағын «Дженерал Электрик» (АҚШ) компаниясына сертификатталған ресми жеткізіп берушіге айналды.
 
Жасалған технологияның арқасында бериллий өндірісі тұтастай бейбіт өнім шығаруға қайта бағытталды, карботермикалық әдіспен мыс-бериллий лигатурасын алу технологиясы игерілді. Американың «Браш Веллман» компаниясымен ұзақ мерзімді келісімге қол қойылды.
 
Екі жыл ішінде, 1999-2000 жылдары Қазатомөнеркәсіп мамандарының ғылыми серпіні арқасында компания технология бойынша 20 жылдық артқа қалудан шығып, тантал өндірісін жолға қоя білді. Өндірісті заманауи сыйымдылығы жоғары конденсаторлық тантал ұнтақтарын және ниобий өнімдерін шығаруға бағыттап қайта ұйымдастыру бағдарламасы жасалды.
  
2000 жылы, Қазатомөнеркәсіп ұйымдасқалы бері алғаш рет жыл қорытындысы бойынша таза табысқа қол жеткізілді. Компания өндірісті жаңарту мен кеңейтуге салмақты инвестиция сала бастады. Компания қызметкерлерінің жалақысы 25% өсті. Бюджеттік және бюджеттік емес төлемдер 60% артты.