2001 - 2002 жж.

Компанияның тұрақталуы, уран рыногындағы жағдайды болжау
 
 
2001 жылдан 2002 жылға дейінгі кезеңді Қазатомөнеркәсіп үшін дағдарыстан кейінгі деп қарастыруға болады. Бұл кезеңде дағдарыстан сәтті шыққан компания қаржы тұрақтылығын қамтамасыз етіп, шетелдік рынокқа иек артты. 2001 жылы Қазатомөнеркәсіп бірінші рет Қытайдың, ал 2002 жылы Оңтүстік Кореяның уран рыноктарына шықты.
 
2001 жылы Торонтада өткен Бүкіләлемдік ядролық отын рыногы конференциясында Қазатомөнеркәсіп өз болждамдарына сүйене отырып алда болатын уран тапшылығы туралы мәлімдеме жасады. 2001 жылғы наурызда уран рыногында ең төменгі баға тіркелгеніне қарамастан Қазақстанда өндіріс көлемін ұлғайту басталды.
 
Жаңадан ашылған Оңтүстік Мойынқұм және Ақдала жерасты шаймалау кеніштері 2001 жылы алғашқы өнімдерін ұсынды.
 
2002 жылы кен қатпарларын ашудың ячейкалық жүйесі алғаш рет қолданылды. Өндірудің барлық технологиялық үдерісін толық автоматтандыру жүзеге асты. Қазатомөнеркәсіп әрбір кен орнын тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін кеніштердегі уран кендерін жинақтауды өзгертудің математикалық бағдарламасын жасап шықты.
  
«Волковгеология» АҚ бұрғылау станоктары паркін ұлғайту және ұңғыма салудың жаңа технологиясын енгізудің бағдарламасын жүзеге асыра бастады. Осы бағдарламаның енгізілуіне байланысты бұрғылау станоктары паркі 2003 жылғы 17-ден 2007 жылы 63-ке жетті.
  
2002 жылы Қазақситанның уран өндіретін кәсіпорындары үшін мамандарды оқытатын және қайта дайындайтын Геотехнология кәсіпорны құрылды.