2007 жыл

Толық ядролық отын циклына ие тігінен интеграцияланған трансұлттық компанияны қалыптастырудың басталуы

2007 жылдың мамырында Ресей мен Қазақстан Уран байыту жөніндегі халықаралық орталық құрды (УБХО). Басты мақсаты – ядролық емес мемлекеттерге таратпау режимі тұрғысынан екіталай технологияларға ұлықсат берместен байытылған уран алуға мүмкіндік беру. Бұл орталықтың құрылуы МАГАТЭ мамандары тарапынан қолдау тапты.

Атом энергетикасы саласында Қазатомөнеркәсіп пен жапонның энергетика, сауда және қаржы саласында қызмет ететін бірқатар жетекші компаниялары арасындағы ынтымақтастық туралы келіссөздер жүргізіліп, 24 келісімге қол қойылды.

NEXI сақтандыру компаниясы Қазатомөнеркәсіпке 10 жылдық мерзіммен сауда-инвестициялық сақтандыру желісін ашты. Несие желісі Қазатомөнеркәсіптің барлық мәмілелеріне беріледі. Бұл меморандумның қол қойылуының маңызы сол, NEXI сақтандырулары бұған дейін нақты мәмілелерге ғана беріліп келген.
 
Гуандон ядролық-энергетикалық корпорациясымен (China Guangdong Nuclear Power Holding, CGNPC) Қытайдың АЭС-тері үшін ядролық отын дайындау, сондай-ақ Қытайдың дамып келе жатқан атом энергетикасын ресурстармен жабдықтау саласында «Стратегиялық ынтымақтастықты кеңейту және тереңдету туралы» келісім жасалды.
 
Қазақстан Республикасы аумағында конверсиялық кәсіпорын құру ниеті жөнінде «Cameco» корпорациясымен Хаттамаға қол қойылды.
 
Қазатомөнеркәсіп пен жапонның «The Kansai Electric Power Co., Inc.», «Nuclear Fuel Industries, Ltd» және «Sumitomo Corporation» компаниялары арасында өзаратүсіністік туралы Меморандумға қол қойылды. Тараптар «The Kansai Electric Power Co. Inc.» компаниясының атом реакторлары үшін ядролық отын өндірісі саласындағы ынтымақтастық ниетін растады. Қол қойылған құжаттарға сәйкес «Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ (Қазатомөнеркәсіптің еншілес кәсіпорны) одан әрі Жарониядағы Kansai компаниясының АЭС-теріне жеткізу үшін Nuclear Fuel Industries кәсіпорындарында отын таблеткаларын дайындауға ядролық отын компоненттерін өндіретін және жеткізіп беретін болады.
  
Westinghouse иелігіндегі холдинг компанияларға қатысу үшін Toshiba 540 миллион АҚШ долларға бағаланған 10 пайыздық үлесін Қазатомөнеркәсіпке өткізді.
  
Үлбі металлургия зауыты Ningbo Xingye Electronic Copper Strip Co., Ltd. (ҚХР) компаниясымен бериллийлі қоладан таспа жасайтын «Yingtan Ulba Shine Metal Materials Company Limited» біріккен кәсіпорнын құру туралы келісімді бекітті.
 
2007 жылғы 14 шілде күні «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясына 10 жыл толды.
  
Атом энергетикасы саласындағы қарым-қатынасты дамытуға қатысты Қазақстандағы уран қорларын бірге игеру туралы Қытайдың Гуандон ядролық-энергетикалық корпорациясымен (CGNPC) және Қытайдың Ұлттық атом корпорациясымен біріккен кәсіпорын құру жолымен Қазақстандағы уран қорларын бірге игеру туралы, сондай-ақ Қытайдың атом энергетикасына Қазатомөнеркәсіптің инвестициясы туралы келісімдерге қол жеткізілді. Сол сияқты Қытайдың Ұлттық атом корпорациясымен (CNNC) «Стратегиялық ынтымақтастықты тереңдету және кеңейту туралы рамалық келісім» жасалды. Қол қойылған құжаттарға сәйкес қазақстан-қытай біріккен кәсіпорнында өндірілген табиғи уранның барлығы ядролық отынның барынша жоғары деңгейлі бөлісіндегі өнімдер түрінде Қытайға жеткізілетін болады.

2007 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда уран өндіру көлемі 6 637 тоннаны құрап, 2006 жылғы 5 281 тоннамен салыстырғандағы жылдық өсім 25,7%-ға жетті.