2008 жыл

Толық ядролық отын циклына ие тігінен интеграция-ланған трансұлт-тық компанияны қалыптас-тырудың аяқталуы

Fitch Ratings Қазатомөнеркәсіптің рейтингісін өсірді. Шетелдік валютадағы ұзақ мерзімді эмитент рейтингі «ВВ+» деңгейінен «ВВВ»-ға дейін және шетелдік валютадағы қысқа мерзімді рейтинг «В» деңгейінен «F3»-ке дейін өсті. Ұзақ мерзімді рейтинг бойынша болжам «Позитивті»-ден «Тұрақтыға» ауысты.

Оңтүстік Қазақстандағы Мыңқұдық кен орнының «Батыс» учаскесінде жерасты шаймалау әдісімен уран өндіретін жаңа кеніш ашылды. Бұл атом энергетикасы саласындағы қазақстан-жапон ынтымақтастығы шеңберінде өнеркәсіптік қолданысқа енгізілген бірінші кеніш. Кеніштің операторы - 2006 жылдың басында Қазатомөнеркәсіп (65%) пен Sumitomo Corporation (25%) және The Kansai Electric Power Co., Inc. (10%) қатысуымен құрылған «Әппақ» ЖШС біріккен кәсіпорны.
 
Канадалық Cameco корпорациясымен бірге «Үлбі-Конверсия» ЖШС біріккен кәсіпорны құрылды. Конверсиялық өндіріс «Үлбі металлургия зауыты» АҚ базасында жұмыс бастайтын болады. Болашақ кәсіпорынның өндірістік қуаты жылына 12 мың тонна уран гексафторидын (UF6) құрайды, бұл конверсия бойынша дүние жүзілік қуаттың 17%-на тең. Жаңа біріккен кәсіпорындағы Қазатомөнеркәсіптің үлесі - 51%, Cameco үлесі - 49%.
 
2008 жылғы 11 маусым күні француздың Areva компаниясымен ядролық-отын циклы саласынлағы маңызды стратегиялық келісімге қол қойылды. Келісімнің шарттарына сәйкес, уран өндіруші «Катко» (Қазатомөнеркәсіп – 49%, Areva - 51%) біріккен кәсіпорны 2039 жылға дейінгі кезеңде жылына 4000 тонна уран өндіретін болады, ал оны өткізу ісімен Areva компаниясы шұғылданады. Сонымен қатар, Areva «Үлбі металлургия зауыты» АҚ базасында жылдық қуаты 1200 тоннаға тең отын құрамаларын шығаратын өндірісті салуда Қазатомөнеркәсіпке техникалық қолдауды қамтамасыз етеді. Жаңадан құрылатын біріккен кәсіпорын аясындағы құрастыру өндірісі француздық дизайндағы реакторлар үшін қуаты 400 тонналық жеке өндірістік желіні қамтитын болады (Қазатомөнеркәсіп - 51%, Areva - 49%), бұл құрамалар үшін шикізатты Қазатомөнеркәсіп жеткізіп береді. Осы өнімді өткізумен Areva (51%) және Казатомпром (49%) компаниялары құрған біріккен кәсіпорын шұғылданады.
 
Өнімнің қалған 800 тоннасы (100% Қазатомөнеркәсіптікі) компанияның қаплауына қарай басқа дизайндағы реакторлар үшін отын ретінде қолданылмақ.
 
«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы құрамындағы көне кәсіпорындардың бірі – «Волковгеология» АҚ-ның құрылғанына 60 жыл толды. Геологиялық барлау саласындағы кәсіпорын барлық түрдегі уран кен орындарын барлау және зерттеп үйренуде бай тәжірибеге ие. Ұлттық атом компаниясы қызметінің уран кен орындарын іздеу және барлаудан бастап оларды өнеркәсіптік қолданысқа енгізуге дейінгі барлық бағытында геологиялық сүйемелдеуді қамтамасыз етеді. «Волковгеология» АҚ-ның республикада жиынтық қоры 1,5 млн. тоннаға тең уран (дәйекті барланған әлемдік уран қорының 19%) қорына ие берік минералды-шикізат базасын жасауға тікелей қатынасы бар. Қазақстанда тұрақты радиоэкологиялық мониторинге жүргізеді.
 
2008 жылғы 31 қазан күні «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ мен қытайдың энергетикалық корпорациялары China National Nuclear Corp (CNNC) және China Guangdong Nuclear Power Co (CGNPC) арасындағы стратегиялық әріптестік туралы келісімге қол қойылды. Келісім бірнеше бөлімнен тұрады: Қытайдың атом энергетикасы қажеті үшін ұзақ мерзімді табиғи уран жеткізіп беру, қытайлық серіктестермен бірге Қазақстан аумағында уран кен орындарын игеру, қытайлық АЭС-тер үшін отын өндіру және қызметтің жаңа бағыты – Қытайда АЭС салу.
 
2008 жылғы 11 желтоқсан күні Үлбі металлургия зауытында сыйымдылығы жоғары конденсаторлық тантал ұнтақтарын шығаратын цехтың ашылу рәсімі өтті. Өндірістің жобалық қуаты – жылына 72,9 тонна түрлі сұрыптағы тантал ұнтақтарын шығару.
 
2008 жылғы 23 желтоқсан күні бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі бойынша «Парыз» байқауында «Жылдың үздік әлеуметтік жобасы» («Ірі кәсіпкерлік субъектісі» категориясында) аталымында «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы жеңімпаз атанды.
  
2005–2008 жылдар аралығында уран өндіруші аймақтардың әлеуметтік және инфрақұрылымдық дамуы бағдарламасы шеңберінде Қазатомөнеркәсіп бірқатар жобаларды атқарды:
  • Сырдария өзені үстінен өтетін ұзындығы 303 метрлік жаңа көпір салынды, көпірдің екі жағынан келетін жол 3 шақырымнан;
  • Темір жол жанасуы (темір жол стансасы) пайдалануға тапсырылды;
  • Екі дәрігерлік-санитарлық бөлім және екі фельдшерлік-акушерлік пункт ашылды;
  • Үш реанимобиль сатып алынды;
  • Төрт балабақша пайдалануға тапсырылды;
  • Екі мектеп салынып, алты мектеп қайта құрылды;
  • Үш ойын-сауық орталығы салынды;
  • Үш мәдени-спорт орталығы қайта құрылды;
  • Екі мәдениет үйі жөндеуден өткізілді;
  • Оңтүстік Қазақстандағы кенттерді көгалдандыру және саябақ аумақтарын көркейту жұмыстары жүргізілді.
«Қазатомөнеркәсіп-Демеу»-дің қолдауымен шағын және орта бизнестің тігін цехы, екі сән салоны, шұжық өнімдерін шығаратын цех, мал соятын және ет өңдейтін цех, сүт цехы жобалары жұмыс бастады.
Атом энергетикасы рыногының әлемдік жетекші ойыншыларымен конверсиялық, байыту және құрастыру өндірістерін құру туралы келісімдерге қол жеткізген Қазатомөнеркәсіп тігінен интеграцияланған трансұлттық компанияны қалыптастыру ісін сәтті аяқтады. Жақын болашақта компания қол жеткен уағдаластықтарды нақты іске асырумен шұғылданатын болады. Бұл компанияға әлемдік рынокқа қосымша құны барынша қымбат жоғары технологиялық бөлістегі өнімдерді жеткізіп беруге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, республикалық «30 серпінді жоба» бағдарламасына сәйкес «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы алдағы жылдары дүние жүзілік маңызы бар бірқатар серпінді жобаларды жүзеге асыра бастайды (стратегия бөлімін қараңыз).