Ақбастау
Ресей-Қазақстан уран өндіруші «Ақбастау» біріккен кәсіпорны» акционерлік қоғамы 2006 жылғы 12 қазан күні Оңтүстік Қазақстан облысының Созақ ауданындағы «Буденовское» уран кен орнындағы 1, 3 және 4 учаскелерді игеру мақсатында құрылған.2009 жылы – «Буденовское» кен орнында уран өндіру басталады.
2015 жылға қарай – 3000 тонналық жобалық қуатқа шығады.
«Ақбастау» БК қызметінің басты бағыттары:
- геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу;
- құрамында ураны бар кендерді және қосалқы пайдалы қазбаларды өндіретін және қуаттарды жобалау және құру, сондай-ақ осы қуаттарды пайдалану;
- уран өндіру және қайта өңдеу;
- кәсіпорыннан шығатын өнімдерді Қазақстан Республикасының аумағында және сырт жерлерде өткізу.
Келісім шарттарына сәйкес «Ақбастау» БК аймақтың әлеуметтік мұқтаждықтары үшін бюджетке барлау жұмыстары кезеңінде жылына 110 мың АҚШ долларынан кем болмайтын соманы, ал өндіріс кезеңінде жылына 500 мың АҚШ долларынан кем болмайтын соманы жергілікті атқару органдарының келісімімен аударып отыруды жоспарлаған.
«Ақбастау» БК» АҚ бас директоры – Дмитрий Сергеевич Магазов.
Байланыс үшін ақпарат:
Қазақстан Республикасы,
Алматы қ., Максимов көшесі, 11
тел: +7 /727/ 330-29-96/7/8
факс: +7 /727/ 2619620
e-mail: info@akbastau.kz
