Байкен – U

«Байкен – U» ЖШС Қазақстанда уран өндіру көлемін ұлғайту жөніндегі «2010 жылға қарай – 15000 тонна уран» бағдарламасы аясында «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ 100% үлестегі қатысуымен 2006 жылғы наурызда құрылған. Кейінірек «Байкен – U» ЖШС құрылтайшылар құрамы өзгеруіне байланысты қайта тіркеуден өтті. Кәсіпорында Қазатомөнеркәсіп пен жапонның «Energy Asia Limited» энергетикалық компаниясының үлесі бар.

Байкен – U жерасты ұңғымалы шаймалау әдісімен уран алуда ең терең кен орны саналатын Қызылорда облысындағы «Солтүстік Қорасан» кен орнының «Қорасан-2» учаскесін игеруде.

«Қорасан-2» учаскесінің жобалық қуаты жылына 2000 тоннаға бағаланған. Кеніштің болжанған қызмет ету мерзімі 40 жылдан кем емес. Дайын өнімді экспортқа жіберілетін тотық-шала тотық түріндегі өнеркәсіптік өндірісті бастау 2010 жылға, ал жобалық қуатқа шығу 2014 жылға белгіленген. Бүгінгі таңда «Байкен – U» ЖШС 250 тонна тәжірибелік уран қоса өндірілетін геологиялық жұмыстарды жүргізуде. Кеніш және вахталық кент құрылысы 2009 жылдың III тоқсанында аяқталмақ.

Қазіргі кезде «Қызылқұм» ЖШС бірге екі еншілес кәсіпорын құрылған:

- «СКЗ-U» ЖШС – құрылтайшы компанияның қажетіне арнап күкірт қышқылын өндіреді. 2011 жылы қолданысқа енгізілетін, қуаты жылына 500 мың тоннаға тең күкірт қышқылы зауытының құрылысы жоспарлануда.

- «Жаңақорған Транзит» ЖШС – жүкті ауыстырып тиеу және тасымалдау қызметін көрсетеді.

«Байкен – U» ЖШС жұмысы барлық экологиялық нормалар мен қазақстандық заңнамалардың талаптарына сай жүргізілуде. Кәсіпорында қоршаған ортаны ластауға жол бермейтін экологиялық тұрғыдан ең қауіпсіз және алдыңғы қатарлы технологиялар қолданылады. Тұрғындар мен қызметкерлердің радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін «Радиациялық қауіпсіздік сапасын қамтамасыз ету бағдарламасы» дайындалып, қолданысқа енгізілген, сондай-ақ еңбекті қорғау қызметі құрылған.

Жер қойнауын пайдалану келісіміне сәйкес геологиялық барлау жұмыстары жүргізілген кезеңде қызметкерлер мен жергілікті тұрғындарға дәрігерлік қызмет көрсету, білім беру, спорт, сауықтыру және басқа да іс-шараларды қамтитын аймақтың әлеуметтік саласына жыл сайын 50 мың АҚШ доллары аударылып отырылады. Өнім өндірісі басталған кезеңде оның мөлшері жыл сайынғы пайдалану шығындарының 15% мөлшерінде, бірақ 100 мың доллардан кем емес көлемде болады.

«Байкен - U» ЖШС бас директорының міндетін атқарушы - Мұртазаев Мұрат Арзайұлы.

Байланыс үшін ақпарат:
Қазақстан Республикасы,

Алматы қ., Бөгенбай батыр көшесі, 168

тел.    +7 /727/ 32-43-24
факс. + 7 /727/ 32-43-25