Бериллий өндірісін дамыту
Бериллийді 1798 жылы француз химигі Луи Никол Воклен ашқан. Бериллий негізінен түрлі қорытпаларға қосымша қоспа ретінде қолданылады. Бериллий негіздегі құрылмалы материалдар бір мезгілде жеңіл, берік болумен бірге, коррозияға орнықты және жоғары температураға төзімді. Бериллий қорытпалары алюминийден 1,5 есе жеңіл болғанына қарамастан көптеген арнайы болаттардан мықтырақ. Олар өзінің беріктігін 700-800 Цельсий градустағы температураға дейін сақтай алады. Бериллий радиацияға да төзімді. Бериллий өнеркәсіптің түрлі салаларында: электроникада, автомобильжасауда, мұнай мен газ өнеркәсібінде, ядролық энергетикада, медицинада, аэроғарышта қолданылады.
Бүгінде Үлбі металлургия зауытының («Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ құрамында) Бериллий өндірісі сериялық бастапқы бериллий өнімдері – бериллий және сол негіздегі лигатуралардың әлемдік ірі жеткізіп берушісі ретінде бериллий өнімдерінің рыногында алдыңғы шептерді иелеген.
Өндірістік шығындарды кеміту арқылы бериллий өндірісін одан әрі жетілдіруге және барынша мол бәсекелестік табысқа қол жеткізуге болады. Бұл үшін бериллий өндірісі өз алдына мынадай талаптар қойып отыр:
-
Кендер мен концентраттардан сапасы қазіргі гидроксидтан төмен болмаған барынша арзан бериллий гидроксидын ажыратып алатын қолданыстағы технологияны жетілдіру.
-
Әлемдік және Қазақстан Республикасының мұнай-газ өнеркәсібіне арналған өнімдерді де қамтитын ішкі рыноктың талаптарына сәйкес келетін бериллийлі қоладан жасалған әралуан өнім түрлерін шығаратын технологиялар мен жабдықтар әзірлеу.
-
Шығындарды азайту мақсатында металл бериллий және құрамында бериллийі бар лигатуралар шығаратын қолданыстағы өндірістің технологиясы мен жабдықтарын жетілдіру.
Бериллий өндірісін дамыту стратегиясы ғылымды қажетсінетін технологиялар базасында қосымша құны барынша жоғары бәсекеге қабілетті өнімдер шығаруды ұйымдастыруға бағытталған. Осы мақсатта бірқатар жоғары технологиялық инновациялық жобалар жүзеге асырылып келеді:
ҚХР қатысуымен құрылған біріккен кәсіпорын аясында бериллийлі қоладан жасалған жалпақ прокат шығару.
