Бетпақ Дала

«Бетпақ Дала» біріккен кәсіпорны Оңтүстік Қазақстанда орналасқан екі кенішті игеруде:
  • «Ақдала» (жерасты ұңғымалы шаймалау әдісімен бір жыл ішінде 1000 тонна уран өндірілген әлемдегі алғашқы кенішке айналды);
  • «Ыңғай» кен орнының №4 учаскесі (Оңтүстік Ыңғай).

Жылына 3000 тонна уран өндірілетін жиынтықталған жобалық қуатқа 2011 жылы шығады деп күтілуде.

«Бетпақ Дала» БК» ЖШС 2004 жылғы наурызда Ақдала кеніші (2001 жылы тәжірибелік-өнеркәсіптік пайдалануға енгізілген) базасында өнеркәсіптік өндіріс және құрамында радиоактивті заттары бар пайдалы қазбаларды барлау жұмыстарын одан әрі жалғастыру мақсатында құрылған. 2005 жылдың қыркүйегінде кәсіпорын жер қойнауын пайдалану және «Ыңғай» кен орнындағы №4 учаскеде барлау жүргізу мен уран өндіру құқына ие болды. Соңғы кеніш 2007 жылғы қарашада тәжірибелік-өнеркәсіптік пайдалануға тапсырылды. Кеніш құрылысы қысқа мерзімде, небәрі 24 айда атқарылды.

2008 жылдың мамыр айында Қазатомөнеркәсіп кәсіпорындары арасында бірінші болып «Ақдала» кенішінде тұндырғыш реагент ретінде сутегі пероксиды қолданылған уран пероксидының алғашқы партиясы алынды. Қосындыларға қатысты құрғақ уран концентратының химиялық құрамы ASTM талаптарына сәйкес келеді. Мұндай технология «Ыңғай» кен орнындағы №4 учаскеде де енгізілген.

«Бетпақ Дала» БК» ЖШС бас директоры – Фадеев Юрий Геннадьевич.

 
Байланыс үшін ақпарат:
Қазақстан Республикасы,

Алматы қ., Бузурбаев көшесі, 13

тел.   +7 /727/ 321-03-66
         +7 /727/ 230-20-25
факс: +7 /727/ 230-20-38