Директорлар кеңесі

 
Директорлар кеңесінің мәртебесі
Директорлар кеңесі «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ (бұдан әрі - Қоғам) басқару органы болып, Қоғам қызметіне жалпы басшылық жасайды. Қоғам Директорлар кеңесінің шешімі Қоғам Жарғысында, Қоғамның корпоративті басқару Кодексында және Директорлар кеңесі туралы Ережеде көрсетілген тәртіпте қабылданады.
 
Компанияда Қоғамның Бірден-бір акционерінің бұйрығымен бекітілген Директорлар кеңесі туралы Ереже басшылыққа алынған.
 
Директорлар кеңесі Қоғамды тиімді басқаруды ғана емес, сонымен бірге оның атқарушы органдарының қызметі үстінен бақылау жасау жүйесінің жұмысын, Қоғамның басқару органдарының өзара көмектесе тиімді әрекет жасауын, сондай-ақ Бірден-бір акционердің құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуы мен қорғауын қамтамасыз етеді. Көрсетілген міндеттерді орындау барысында Директорлар кеңесі өз комитеттері арқылы Қоғамның Ішкі аудит қызметімен, Қоғамның басшылығымен және құрылымдық бөлімшелерімен, лауазымды тұлғаларымен өзара көмектесе жұмыс жүргізеді.
 
Директорлар кеңесі қызметінің принциптері

Директорлар кеңесінің қызметі мына принциптерге негізделген:
- тиімділік;
- жауапкершілік;
- шешім қабылдаудағы әділдік;
- Бірден-бір акционердің және Қоғамның мүдделерін барынша сақтау және іске асыру;
- Бірден-бір акционердің құқықтарын қорғау.
 
 
Директорлар кеңесіне мүшелікке кандидаттар
 
Директорлар кеңесіне мүшелікке кандидаттар және Директорлар кеңесінің мүшелері Бірден-бір акционер мен Қоғамның мүдделері үшін Директорлар кеңесінің жұмысын ұтымды ұйымдастыруға және өз міндеттерін орындауға қажет тиісті жұмыс тәжірибесіне, білім мен білікке, іскерлік және (немесе) салалық ортада оң жетістіктерге ие болуға, сондай-ақ Қоғамның ішкі құжаттарында көрсетілген талаптарды қанағаттандыруға міндетті.
 
 
Директорлар кеңесінің құзыреті

Қоғам Директорлар кеңесінің құзыретіне мынадай негізгі мәселелер бойынша шешімдер қабылдау жатады:
- Қоғамның даму стратегиясын бекіту және оның орындалуына бақылау жасау;
- Қоғамның бес жылдық кезеңге арналған даму жоспарын бекіту және оның орындалуына бақылау жасау;
- акцияларды орналастыру (сату) және сол орналастырылатын (сатылатын) акциялар саны туралы шешім қабылдау;
- Қоғамның облигациялары мен туынды құнды қағаздарын шығару шарттарын анықтау;
- Қоғам қызығушылық танытқан ірі мәмілелер мен мәмілелер жасау туралы шешім қабылдау;
- Қоғамның орталық аппарат құрылымы, Қоғамның өкілдіктері мен филиалдарын қоса есептегендегі қызметкерлердің жалпы санын бекіту;
- Қоғамның ішкі қызметін үйлестіруші құжаттарды бекіту;
- Қоғамның басқа заңды тұлғалардан он және одан да көп пайыз акцияларды (жарғы капиталындағы қатысу үлесін) сатып алуы туралы шешім қабылдау;
- Қоғамның басқа заңды тұлғаларды құруға қатысуы туралы шешім қабылдау;
- Қоғамның Тәуекелдерді басқару саясатын бекіту;
 тағы да басқа мәселелер.
 
Директорлар кеңесінің 2010 жылдағы жұмысы
 
Директорлар кеңесінің 2010 жылы өткен 13 отырысында 94 мәселе қаралды. Соның ішінде мына мәселелер бойынша шешімдер қабылданды:
- Қоғамның еншілес және тәуелді ұйымдарына қатысты 30 мәселе;
- Қоғам мүдделілік танытқан 24 мәміле жасалды;
- Қоғамның ішкі және жоспарлы 18 құжаты бекітілді;
- 11 кадрлық мәселе жөнінде шешім қабылданды;
- 3 ірі мәміле жасау жөнінде және тағы басқалар.

 
Директорлар кеңесінің, Директорлар кеңесі комитеттерінің және Директорлар кеңесінің әрбір мүшесінің қызметін бағалау туралы ақпарат
 
Қоғамда «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» акционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің, Директорлар кеңесі комитеттерінің және Директорлар кеңесінің әрбір мүшесінің қызметін бағалау туралы Ереже бекітілген. Осы Ереже Директорлар кеңесінің, Директорлар кеңесі комитеттерінің және Директорлар кеңесінің әрбір мүшесінің қызметіне баға беру барысын үйлестіреді.
 
Бағалаудың басты мақсаты: Директорлар кеңесінің, Директорлар кеңесі комитеттерінің және Директорлар кеңесінің әрбір мүшесі жұмысының тиімділік деңгейін анықтау, олардың жұмысының тиімділігін артыру және Директорлар кеңесі мүшелеріне сыйақы берудің бірдей жүйесін орнату.
 
Директорлар кеңесі бір жыл ішіндегі өз жұмысының, комитеттер мен директорлар кеңесінің әрбір мүшесінің жұмысының нәтижелерін бекітілген өлшемдер бойынша бағалайды. Директорлар кеңесінің, Директорлар кеңесі комитеттерінің және Директорлар кеңесінің әрбір мүшесінің жұмысына жыл сайынғы бағалау жүргізетін жауапты тұлға Директорлар кеңесінің Төрағасы болып табылады.   
 
Директорлар кеңесі бағалауды жүргізе алады:
- кеңесші тарту арқылы;
- сауалнама, сұхбат алу жолымен, т. т. б.;
- аралас жандасу: кеңесші тарапынан үдерісті үйлестіру арқылы өз күштерімен.

 
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Директорлар кеңесі мүшелерінің біліктілігін арттыру және «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Директорлар кеңесінің сырттан сарапшылар шақыруы туралы ақпарат
   
Директорлар кеңесі шешімдерінің тиімділігі мен салмақтылығын арттыруға Директорлар кеңесі мүшелерінің дағдылары мен біліктіліктерін дамытудың жүйелі, құрылымдық және ашық механизмдерін енгізу, сондай-ақ олардың Директорлар кеңесі қарайтын мәселелер сырттан кәсіби және тәуелсіз сараптаманы қажет ететін жағдайда сырттан сарапшылар шақыратын құқықтарын жүзеге асыру арқылы қол жеткізіледі.
 
Директорлар кеңесінің мүшелері құқына ие:
- осы Саясатпен белгіленген тәртіпке сәйкес өз біліктілігін көтеру;
- егер Директорлар кеңесінде немесе Директорлар кеңесінің комитетінде қаралатын мәселе сырттан кәсіби және тәуелсіз сараптаманы қажет ететін болса, осы Саясатта белгіленген тәртіпке сәйкес сырттан сарапшылар шақыру.
 
Директорлар кеңесі осы Саясаттың тиімділігін бағалайды және қажет болған жағдайда оған қосымшалар мен өзгерістер енгізе алады.