Директорлар кеңесінің Аудит жөніндегі комитеті
Аудит жөніндегі комитеттің мәртебесі
Аудит жөніндегі комитет Қоғам Директорлар кеңесінің консультациялық-кеңесші органы болып табылады және Директорлар кеңесі құзыретіне жататын немесе Қоғамның атқарушы органы қызметін бақылау ретінде Директорлар кеңесі зерттейтін мәселелерді тереңірек пысықтау үшін және Директорлар кеңесі мен Қоғамның атқарушы органына қажетті ұсыныстарды әзірлеу үшін құрылады.
Аудит жөніндегі комитеттің құрамы
- Рамазанов Серікжан Мінайдарұлы– Аудит жөніндегі комитеттің төрағасы, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Тәуелсіз директоры.
- Әбішев Жандос Жантөреұлы– Аудит жөніндегі комитет мүшесі, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі.
- Мыңшәріпова Сая Найманбайқызы – «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Аудит жөніндегі комитетінің сарапшысы.
Аудит жөніндегі комитеттің атқаратын қызметі
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Директорлар кеңесінің Аудит жөніндегі комитетінің (одан әрі – Аудит жөніндегі комитет) атқаратын қызметіне «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Директорлар кеңесінің ұсыныстарын дайындау жатады:
- «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ қаржы-шаруашылық қызметіне тиімді бақылау жүйесін орнату;
- ішкі бақылау және тәуекелдерді басқару жүйесінің сенімділігі мен тиімділігіне, сондай-ақ корпоративті басқару саласындағы құжаттардың орындалуына бақылау;
- сыртқы және ішкі аудиттың тәуелсіздігіне, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамаларының сақталуын қамтамасыз ету барысына бақылау;
- Аудит жөніндегі комитет туралы Ереже талаптарына сай келетін басқа да мәселелер.
* 2011 жылғы сәуір айынан бері Аудит жөніндегі комитет мүшесі
Қоғам Директорлар кеңесінің Аудит жөніндегі комитеті мүшелерінің 2011 жылғы мәжілістерге қатысуы туралы ақпарат
Тегі, аты, әкесінің аты қатысуы %
Рамазанов С.М. 9-дан 9 100
Әбішев Ж.Ж.* 7-ден 7 100
Мыңшәріпова С.Н. 9-дан 8 89
