Директорлар кеңесінің комитеттері
Мейлінше маңызды мәселелерді алдын-ала қарап шығып, тиісті ұсыныстарды Директорлар кеңесіне әзірлеу мақсатында Қоғамда Тағайындаулар мен сыйақылар және Аудит жөніндегі комитеттер жұмыс істеп келеді. Комитеттер бекітілген жоспарларға және Директорлар кеңесі қойған міндеттерге сәйкес жұмыс атқарды.
Комитеттер мына құжаттарға сәйкес жұмыс жүргізеді:
• «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Директорлар кеңесінің 2009 жылғы 21 қыркүйектегі №4 шешімімен бекітілген «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның Аудит жөніндегі комитеті туралы Ереже.
• «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Директорлар кеңесінің 2010 жылғы 19 наурыздағы №4/10 шешімімен бекітілген Тағайындаулар мен сыйақылар жөніндегі комитеті туралы Ереже.
Комитеттер Компания Директорлар кеңесі мүшелерінен, сарапшылардан құралып, оларға тәуелсіз директорлар басшылық етеді.
