Директорлар кеңесінің құрамы

 
Шөкеев Өмірзақ Естайұлы– Директорлар кеңесінің Төрағасы



«Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма Төрағасы.
Қазақстан Республикасының азаматы. 1964 жылы 12 наурызда Түркістан қаласында туған.
1986 жылы Мәскеу экономика-статистика институтын бітірген, экономист-математик.
1986-1988 жж. – ҚазКСР МемЖоспар жанындағы ғылыми-зерттеу институтында кіші ғылыми қызметкер болып жұмыс істеді.
1988-1991 жж. – МЭСИ аспиранты.
1991-1992 жж. – Ғылыми-зерттеу институтында жетекші ғылыми қызметкер.
1992-1993 жж. – ҚР Президенті жанындағы Жоғарғы экономикалық кеңестің кеңесшісі.
1993 жылы ҚР Президент аппараты және Министрлер Кабинетінің қаржы және еңбек бөлімі бастығының орынбасары болды.
1993-1995 жж. – Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары.
1995-1997 жж. – ҚР Экономика және сауда министрі.
1997 жылы ҚР Премьер-министрінің орынбасары болды.
1997-1998 жж. – «Тұран Әлем Банк» ЖАҚ Басқарма Төрағасы.
1998 жылғы сәуірден тамыз айына дейін – ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары.
1998-2004 жж. – Қостанай облысының әкімі.
2004-2006 жж. – Астана қаласының әкімі.
2006 жылғы қыркүйекте Оңтүстік Қазақстан облысының Әкімі болып тағайындалды.
2007 жылғы тамыз айынан бастап ҚР Премьер-Министрінің орынбасары.
2009 жылы ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары болып тағайындалды.
2011 жылғы 26 желтоқсаннан бері «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма Төрағасы.
2012 жылғы 12 қаңтардан бастап «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Директорлар кеңесінің Төрағасы.
 
 
Рамазанов Тілекқабыл Сәбитұлы – Тәуелсіз директор*


Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ғылыми жұмыстар жөніндегі проректоры.
Физика-математика ғылымдарының докторы, профессор.
1987 жылы инженер болып жұмыс бастап, кіші ғылыми қызметкер, ассистент, аға оқытушы, доцент, ҚазМУ физика факултетінің оптика және плазма физикасы кафедрасының профессорлығына дейін көтерілді. 1988-2000 жылдары – ҚазМУ физика факультетінің деканы.
2000-2006 жылдары – Экспериментальды және теориялық физика ғылыми-зерттеу институтының директоры.
2006-2007 жылдары – ҚР Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитетінің төрағасы.
2007-2008 жылдары – ҚазМУ ғылымды көп қажетсінетін технологиялар және енгізу жөніндегі проректор.
Профессор Т.С. Рамазановтың жетекшілігімен 1 докторлық, 13 кандидаттық және 1 PhD диссертациясы қорғалып, 350-ден астам ғылыми еңбектер жарық көрді, солардың үштен бірі жоғарғы импакт-факторлы жетекші ғылыми басылымдарда жарияланды, беделді халықаралық конференцияларда 120-дан астам ғылыми баяндамалар жасалды. 2 монографияның, 15 оқу-методикалық құралдың авторы.
2009 жылғы ақпаннан «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Тәуелсіз директоры. 

 
Бектеміров Қуаныш Әбдіғалиұлы – Директорлар кеңесінің мүшесі



2012 жылғы 31 қаңтардан «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Басқарушы директоры.
Қазақстан Республикасының азаматы. 1970 жылы туған. 1993 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін «Физика» мамандығы бойынша, 2004 жылы Қазақ Ұлттық басқару академиясын «Инженер-электрик» мамандығы бойынша бітірген. 1993 жылдан 1999 жылға дейін Алматыдағы «Атамекен» қаржы-инвестициялық корпорациясында, Алматы облысының Текелі қаласындағы «Алтын бидай» АҚ, сондай-ақ Талдықорғандағы «Шығыс-Сервис» ЖШС түрлі қызметтер атқарды.
Қалалық коммуналдық шаруашылық және энергетика секторларындағы басшылық қызметтің үлкен іс тәжірибесіне ие. 1999 жылдан бастап әр жылдары «Талдықорғанжылу-коммунэнерго» МҚӨБ, «Талдықорғанжылусервис» МҚК, «Астанаэнергосервис» АҚ, «Оңтүстік Қазақстан облысының энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы» МБ, «Қазгидромет» РМК және «Астанаэнергоконтракт» ЖШС-де басшылық қызметтерде болды.
2012 жылғы 31 қаңтардан бері «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі.
 
 
Школьник Владимир Сергеевич Директорлар кеңесінің мүшесі



«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Басқарма Төрағасы.
Физика-математика ғылымдарының докторы. Өндірістік және мемлекеттік қызметтегі үлкен тәжірибеге ие. Әр жылдарда Маңғышлақ атом энергетикалық комбинаты директорының орынбасары, ҚР Атом энергиясы жөніндегі агенттіктің Бас директоры, ҚР Ғылым және жаңа технологиялар министрі, ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрі, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Энергетика және минералды ресурстар министрі, ҚР Индустрия және сауда министрі, ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары болып қызметтер атқарған.
2009 жылғы мамырдан «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Басқарма Төрағасы және Директорлар кеңесінің мүшесі.


Қоғамның Директорлар кеңесінің мүшелері Қоғамның, Қоғамның үлестес компанияларының акцияларына (қатысу үлесіне) ие емес, сондай-ақ Қоғамның жеткізіп берушілері мен бәсекелестерінің де акцияларына иелік етпейді.
 
* «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Директорлар кеңесі туралы Ережеге сәйкес тәуелсіз директор өлшемдеріне сай келеді.


Қоғамның Директорлар кеңесі мүшелерінің 2011 жылғы мәжілістерге қатысуы туралы ақпарат

2011 жылғы 1 қаңтардан 31 желтоқсанға дейінгі аралықта Қоғам Директорлар кеңесінің 10 отырысы өткізіліп, соның 5-еуі бетпе-бет, қалған 5-еуі сырттай формада өтті.
 
Тегі, аты, әкесінің аты                    Директорлар кеңесінің
                                                               отырысына қатысуы                    %
 
Құлыбаев Тимур Асқарұлы                      10-нан 10                                 100
 
Әбілғазин Данияр Рүстемұлы*               5-тен 5                                      100
 
Әбішев Жандос Жантөреұлы                 10-нан 10                                  100
 
Рамазанов Тілекқабыл Сәбитұлы        10-нан 9                                     90
 
Сәденов Мұрат Әділханұлы                    10-нан 9                                     90
 
Рамазанов Серікжан Мінайдарұлы     10-нан 10                                   100
 
Школьник Владимир Сергеевич           10-нан 10                                   100
 
 
* «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Директорлар кеңесінің құрамына 2011 жылғы 7 маусымда сайланған