Экология
Өзінің өндірістік қызметін жүзеге асыра отырып «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы игілікті қоршаған ортаны сақтау және табиғи ресурстарды тиімді пайдалану бойынша қоғам алдындағы жауапкершілігін жете сезінеді.Қызметкерлердң қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз ету, компания қызметкерлері мен компания жұмыс жүргізетін аймақ тұрғындарының денсаулығын қорғау, сондай-ақ қоршаған ортаға мүмкін болған радиологиялық және химиялық әсерді болдырмау Қазатомөнеркәсіптің басым міндеттері болып табылады.
Еңбекті және қоршаған ортаны қорғау саласындағы компания қызметі мына мақсаттарды көздейді:
- өндірістік қызметті Қазақстан Республикасында қолданылатын экологиялық заңдылықтар және басқа да нормативті талаптарға сәйкес жүзеге асыру;
- кәсіпорын қызметкерлері мен тұрғындардың радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
- өндірістік қызметтің кәсіпорын қызметкерлері мен қоршаған ортаға ықпалын мейлінше азайту;
- еңбек жағдайын үздіксіз жақсарту және кәсіпорын жұмысының қоршаған орта жағдайына әсерін кеміту;
- өндірістік апаттар мен экологиялық тәуекелдерді алдын-ала сақтандыру;
- табиғи ресурстарды тиімді пайдалану;
- техникалық және экологиялық қауіпсіздік қағидаларын ескере отырып қолданыстағы технологияларды ұдайы жетілдіру және жаңаларын енгізу;
- еңбекті және қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік өкілетті ұйымдар мен халықаралық ұйымдармен тұрақты өзара іс-қимылдар жасау;
- еңбек жағдайы, қызметкерлер мен тұрғындардың радиациялық қауіпсіздігі және оның қоршаған ортаға мүмкін болған әсері туралы тұрғындарды хабардар ету.
Осы мақсаттарға қол жеткізу үшін компания тұрақты түрде әдістемелік басшылық жасап, ядролық, радиациялық және техникалық қауіпсіздікке, сондай-ақ «Қазаитомөнеркәсіп» холдингі кәсіпорындарында еңбек пен қоршаған ортаны қорғау жайына талдау жүргізеді.
Қазатомөнеркәсіптің барлық құрылымдық бөлімшелерінде еңбекті және қоршаған ортаны қорғау қызметі жұмыс істеп тұр.
Кәсіпорындар жыл сайын қоршаған ортаны қорғау іс-шараларын жасап, оны өкілетті ұйымдармен келісе жүргізеді. Өндірістік нысандардың аттестациясы да уақтылы өткізіліп тұрады.
Қоршаған ортаны қорғау бойынша жалпы бақылаудың құрамдас бөлігі болып табылатын өндірістік экологиялық және радиациялық бақылау тұрақты түрде жүргізіледі. Бұл жұмыстарды өндірістік экологиялық және радиациялық бақылаудың белгіленген тізбектемесіне сәйкес параметрлерге білікті өлшемдер жүргізу үшін сараптау, дозиметрлік және радиометрлік аппараттармен жабдықталған экологиялық және дозиметрлік қызметтер жүзеге асырады.
Қазатомөнеркәсіптің барлық кәсіпорындарында өнеркәсіптік нысандардың қауіпсіздігі Декларациясы жасалып, бекітілген. Мүмкін болған апат зардаптарын жою үшін аттестацияланған арнайы бөлімшелер құрылған, олардың қатарында компанияның бас кеңсесімен және ҚР Төтенше жайдайлар жөніндегі министрлігімен шұғыл байланысқа шыға алатын диспетчерлік қызмет те бар.
Кәсіпорындарда еңбекті және қоршаған ортаны қорғауды басқару жүйесін ұдайы жетілдіру және экологиялық менеджменттің, кәсіби қауіпсіздік және қызметкерлердің денсаулығы менеджментінің озық халықаралық тәжірибесін енгізу жұмыстары қатар атқарылады. Қазатомөнеркәсіптің он бес кәсіпорны халықаралық ISO -14001 және OHSAS- 18001 стандарттарына сәйкестік сертификаттарына ие.
Табиғатқа пен адамдарға ұқыпты қарау – Қазатомөнеркәсіп қызметінің жемісті болуының басты кепілі.
