ӘППАҚ
«ӘППАҚ» - өнеркәсіптік уран өндірісіне шыққан алғашқы қазақстан-жапон біріккен кәсіпорны.
Компания 2005 жылы «Мыңқұдық» кен орнындағы «Батыс» учаскесін игеру мақсатында құрылған. Сол кезде оның жалғыз құрылтайшысы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ болды.
2006 жылғы 6 шілде күні «ӘППАҚ» ЖШС құрылтайшылар қатысуының жаңа үлесімен қайта тіркеуден өтті: «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ - 65%, Sumitomo Corporation - 20% және The Kansai Electric Power - 15%. «ӘППАҚ» ЖШС құрылуы аталмыш компаниялардың стратегиялық әріптестік бағдарламасын жүзеге асырудың бірінші бөлігі болып табылады.
Кеніштің өндірістік қуаты мен тұрғын үй қоры құрылысы және оларды өнеркәсіптік қолданысқа енгізу жұмыстары қысқа мерзімде атқарылды.
- Кәсіпорын қайта тіркелгеннен кейін он күн ішінде кеніштегі құрылыс жұмыстары басталды.
- 2007 жылдың ақпанында бірінші технологиялық ұңғыма орнатылды.
- Сол жылдың тамыз айында атом энергиясы пайдаланылатын нысандарды салуға, қолданысқа енгізуге, қолдануға және қолданыстан шығаруға мемлекеттік лицензияға қол жеткізді.
- 2008 жылғы 1 мамырда тауарлы десорбат күйіндегі алғашқы уран алынды.
- 2008 жылғы 3 маусымда «Батыс Мыңқұдық» кеніші ресми түрде ашылды.
2010 жылға қарай жылына 1000 тонна уран өндірілетін жобалық қуатқа шығу межеленген. Кеніштің болжанған қызмет ету мерзімі – 22 жыл.
Уран өндіру және оны қайта өңдеу ASTM 967 стандарттарына сәйкес келеді.
«ӘППАҚ» ЖШС кенішіндегі жұмыстардың барлығы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі талаптарына сай жүргізіледі.
Кәсіпорынның әлеуметтік қызметі «Қазатомөнеркәсіп-Демеу» ЖШС арқылы жүзеге асырылады. Аймақтың әлеуметтік инфрақұрылымын дамыту үшін алғашқы кезеңде жапондық әріптестер 22 млн. доллар қаржы бөлді.
«ӘППАҚ» ЖШС бас директорының міндетін уақытша атқарушы - Сергеев Борис Артушевич.
Қазақстан Республикасы, 050057,
Алматы қ., Тимирязев көшесі, 42,
«Экспо-Сити» кеңсе орталығы,
№15/108 павильон, 3-қабат (оңтүстік қанат)
+7 /727/ 320 14 76
Факс: +7 /727/ 320 14 73
