Геотехнология

«Геотехнология» Қырғыз-Қазақстандық аймақтық оқу-әдістемелік орталығы «ҚТКК» ААҚ Орталық ғылыми-зерттеу зертханасының (ОҒЗЗ) негізінде 2002 жылы құрылған.

Құрылтайшылары: «Қарабалта Таукен комбинаты» ААҚ («КТКК» ААҚ, Қырғызстан), «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясы («Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ, Қазақстан).

Негізгі міндеттері

«Геотехнология» АОӘО-ның негізгі міндеттері Сапаны Басқару Жүйесінің кәсіпорындарында халықаралық стандарттарға сәйкес орта техникалық қызметкерлерге тұрақты жұмыс істейтін оқуды, қажетті барлық басқару құжаттарын қоса, ұйымдастыру және өткізу болып табылады. Оқыту Қарабалта қаласы («Геотехнология» АОӘО-ның оқу базасы мен өндірістік жайларында және «ҚТКК» ААҚ ОҒЗЗ-да), және сондай-ақ өндірістен қол үзбей тікелей тапсырыс берушінің кәсіпорындарында (жұмыс орындарында) жүзеге асырылады.

Оқыту


«Геотехнология» АОӘО-да бар Қырғыз Республикасы Білім және мәдениет министрлігінің АШ № 878, АШ № 675 лицензиялар, Қырғыз Республикасы Экология және төтенше жағдайлар министрлігі жанындағы Өнеркәсіп қауіпсіздігін бақылау және таукен бақылау жөніндегі Мемлекеттік инспекциясының № 01-03/1-557 арнайы рұқсаты, білім, еңбек қауіпсіздігі, денсаулықты және қоршаған ортаны қорғау саласындағы Қырғыз Республикасы мен Қазақстан Республикасының Үкіметаралық келіссөздері мына мамандықтар бойынша қызметкерлерді дайындауға және біліктілігін көтеруге құқық береді:

  • физика-химиялық әдістермен талдау лаборанттары;
  • гидрометаллургия өндірісінің аппаратшылары;
  • ЖҰС полигондарының оператор геотехнологтары;
  • төтелдерді жөндеу операторлары;
  • төтелдерді геофизикалық зерттеу операторлары;
  • аффинаждау өндірісінің аппаратшылары;
  • бағалы металдар өндірісінің аппаратшылары;
  • бағалы металлдар шеберлері мен қорытушылары.

Әр мамандықты оқыту үшін, көрсетілген мамандықтар бойынша лекциялар мен көрсетіп-үлестіретін қағаз және электрондық жеткізгіштерді (плакаттар, кестелер, суреттер, нобайлар) қоса, оқу-әдістемелік материал дайындалды.

Геотехнология» АОӘО-да оқу бағдарламасына мыналар кіреді:
  1. Сапа Жүйесіне Халықаралық және Мемлекеттік стандарттар талаптарының негіздері;
  2. өндірістік процесстер негіздері;
  3. жалпы химия негіздері;
  4. аналитикалық химия негіздері;
  5. ЖҰС технологиясының қысқаша сипатамасы;
  6. ЖҰС әдісімен өңделетін уран кен орнының геологиясы мен гидрогеологиясы негіздері;
  7. ЖҰС әдісін қолданудың басты шарттары;
  8. ЖҰС кезінде қолданылатын өңдеу жүйесі;
  9. геотехнологиялық шамалар есебі;
  10. ЖҰС кезінде төтелдерді зерттеудің геофизикалық әдістері;
  11. ЖҰС технологиялық ерітінділерінің сипаты;
  12. уранды тауарлық регенераттардан бөлу тәсілдері;
  13. уран қойыртпаларын сынау әдістері; сынақтарды алу және дайындау ережелері;
  14. уран және алтында шикізатты өңдеу кезінде қолданатын талдаудың негізгі әдістері;
  15. технологиялық процестерді автоматтандыру және бақылау;
  16. қауіпсіздік техникасының жалпы түсініктері;
  17. табиғат қорғау шаралары;
  18. компьютермен қолданушының курсы;
  19. тәжірибелік жұмыстарды орындау.

Тапсырыс берілген мамандықтардың әрқайсысы үшін бейінді пәндері бойынша тереңдетілген курс беріледі.

Барлық мамандықтар бойынша тәжірибе, бақылау және реферат жұмыстарын орындау қарастырылған.

Көрсетілген мамандықтар бойынша оқыту нәтижелерін бағалау үшін әр мамандық бойынша, әр нұсқасында 8 ден 12 сұраққа дейін, тестер дайындалған. Сұрақтарға 3-4 жауаптар берілген, тек олардың біреуі ғана дұрыс. Әр тесте міндетті түрде химия немесе технология бойынша есептеулер орындауды қажет ететін есептер және қауіпсіздік техникасы бойынша сұрақтар бар. Сапа жүйесі бойынша тестер бөлек жасалған.

Мамандардың 'Геотехнология' АОӘО-да оқуын аяқтағанда кадрлар бойынша мамандармен бірлесіп орындарда қортынды тестілеу өткізіліп, оның қортындысы бойынша атаулы сертификаттар беріледі.

«Геотехнология» АОӘО-ның білім беру қызметін қамтамасыз ету үшін «ҚТКК» ААҚ, Геология және минералдық ресурстар жөніндегі Мемлекеттік агенттігінің (Қырғыз Республикасы), «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК (Қазақстан Республикасы), Томск политехникалық университеті (Ресей Федерациясы) және басқа ұйымдардың жоғарғы кәсіби мамандары шақырылады, сондай-ақ Орта Азия республикаларындағы, Ресей Федерациясындағы және Қытайдағы уран, алтын және басқа злементтердің кен орындары, жерасты ұңғылап сілтілендіру технологиясы, уранды, алтынды және сирек металды шикізаттарды гидрометаллургиялық өңдеу жөніндегі мәліметтер бар «ҚТКК» ААҚ ОҒЗЗ-ның бай мұрағат материалдары пайдаланылады.

«Геотехнология» АОӘО-да техникалық әдебиетінің жалпы көлемі 30 мыңнан аса дана кітабы, қызметкерлер әдебиетпен жұмыс істеу үшін оқу залы бар үлкен техникалық кітапханасы бар. Кітапханада бір мезгілде 10-15 адам жұмыс істей алады. Ақпаратты өңдеу үшін жеке компьютерлер, сканерлер, принтерлер бар. Кітапханада керек кітапты тез табуға көмектесетін каталогтар жұмыс істейді.

Қызметтің басқа түрлері
«Геотехнология» АОӘО-да оқытумен қатар мынаны іске асырады:

Істеп тұрған және жаңадан құралған ЖҰС кәсіпорындарының басшыларына физика-химиялық зертханаларда, қайта өңдеу қондырғыларында (УППР) мен ЖҰС полигондарында жұмысты ұйымдастыру, таукен өңдіру өнеркәсібі кәсіпорындарының, оның ішінде кіші және орта бизнес, мамандары мен кәсіпкерлеріне, семинарлар, лекциялар мен өткізу және «дөңгелек стол» ұйымдастыру арқылы, сондай-ақ әртүрлі технологиялық зерттеулер ұйымдастыру мен жүргізуді, барлық қажетті басқару құжаттарымен қоса, Сапаны Басқару Жүйесінің Халықаралық стандарттарын (ИСО 9000) ендіру мәселелері жөнінде консультациялық көмек көрсетеді;

Өндірістік процестерді жүргізу үшін әдістемелік әдебиет дайындау:

  • қажетті құжаттар тізімі;
  • әкімшілік құжаттар мен үрдістер, оның ішінде:
  • сапа бойынша басқару;
  • ұйымдастыру туралы ереже;
  • әр жұмыс орнында қауіпсіздік техникасы жөнінде нұсқама;
  • жұмыс жұрналының нысаны;
  • әр жұмыс орнында процестерді жүргізу бойынша жұмысшы нұсқамалары;
  • қысқаша теориялық түсініктемемен әдістемелік ұсыныстар;
  • басқа құжаттар.

Өндірістік процестерді жүргізу үшін технологиялық регламенттерді дайындау;

Қажет болған тақырып бойынша әдебиеттік шолу, рефераттар шығару, патенттік ақпарат іріктеу;

Жұмыс істеп тұрған өндірістердің технологиялық көрсеткіштеріне талдау бойынша қызмет көрсету, процестерді жақсарту жөнінде ұсыныстар берумен;

Ғылыми-өндірістік есептерді ресмилеуге көмек көрсету;

Сапа бойынша жаңа халықаралық стандарттарға сәйкес өндірістерді аккредитациялау және аттестациялау үшін құжат дайындау жөнінде қызмет көрсету.

Байланыс ақпараты

724411, Қарабалта қ., Қожомбердиев көш. 1а
Тел / факс +996 (3133) 62253
Еmail: rtmc@ktnet.kg