Инфрақұрылым

2004 жылы Қазақстанда уран өндіру қарқынын арттыру жөніндегі өзінің бағдарламасын ресми түрде ұсынбай тұрып-ақ, Қазатомөнеркәсіп жаңа кеніштер құрылысына және қолданыстағы өндірісті жаңалауға кіріскен болатын.
 
Компания мамандары жасап шыққан жұмыстың дәл кестесі мен желілік жоспарлау Қазатомөнеркәсіпке өзінің әріптестерімен бірге тез әрі артық шығындарсыз және қосымша адам күшінсіз алға қойылған міндеттерді жүзеге асыруға мүмкіндік әперді.
 
Құрылыстың және кеніштерді өнеркәсіптік қолданысқа берудің жоғары қарқынын бәсеңдетпеу үшін Қазатомөнеркәсіп қажетті инфрақұрылым нысандарын құру бойынша жұмыстарды қатар жүргізді:
  • 783 шақырымдық электр желісі тартылып, ескілері жаңартылды;
     
     
  • Жақын болашақта тағы 172 шақырымдық электр желісі іске қосылатын болады;
  • 13 қосалқы станса құрылып, жаңартылды;
  • Жалпы ұзындығы 557 шақырымдық автомобиль жолы салынып, жаңартылды;
  • Сырдария өзені үстінен  303 метрлік жаңа көпір құрылды;
  • Арыс өзені үстінен өтетін жаңа көпір пайдалануға тапсырылды;
  • Таукент және Көкшоқы кенттеріндегі жүкті ауыстырып тиейтін екі база кеңейтіліп, жұмысы жетілдіріле түсті, ал Жаңақорған және Темір стансаларында жаңадан осындай екі база салынып, енді Әппақ кентінде тағы бір базаның құрылысы жоспарланған;
  • Ұзындығы 2,5 шақырымдық темір жол тармағы тартылған жаңа станса салынды;
  • Жақын болашақта Әппақ кентінен Жаман Айбат стансасына дейінгі аралықты жалғайтын ұзындығы 150 шақырымдық темір жол тармағы тартылатын болады;
  • «СКЗ-U» күкірт қышқылы зауытының құрылысы жоспарланған. Жаңа зауыт Иіркөл, Заречное, Оңтүстік Заречное, Қорасан-1, Қорасан-2, Солтүстік және Оңтүстік Қарамұрын кеніштеріне қажетті мөлшерде күкірт қышқылын жеткізіп бермек. Жобалық қуатына сәйкес зауыт жылына 500 000 тонна немесе тәулігіне 1500 тонна күкірт қышқылын өндіретін болады. Құрылыс жұмыстарын 2009 жылғы наурызда қолға алып, 2011 жылдың үшінші тоқсанында зауытты пайдалануға тапсыру жоспарланған.